Бүгін Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі жанындағы Емделушілердің құқығын қорғау бойынша құрылған қоғамдық кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Бұл кеңестің мүшелері, беделді медицина қайраткерлері, қоғамдық мекемелер және коммерциялық емес сектордың өкілдері. Бұл қоғамдық кеңеске қорымыз өкілінің шақырылғандығы қуантарлық жәйт.
«АЯЛА» қорының Кеңестегі өкілі, қорымыздың вице-президенті Жангелді Сәрсенов мырза, мамандығы бойынша-дәрігер. Сондықтан да, кеңес барысында талқыланатын мәселелер оған, мамандығы турасында жат емес. Кеңестің бірінші отырысының тақырыбы, «В» және «С» вирустық гепатит ауруларымен байланысты болғаны үшін, аты аталған отырыс Республикалық Қан орталығында өткізілді. Кеңес отырыстары, тоқсан сайын 1 рет өткізілуі және де бұл отырыстарда аса маңызды мәселелер қарастырылуы межеленуде.