Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Шеврон» компаниясының қызметкерлері үшін денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жобалардың таныстырылымын өткізді. Қордың істелген жұмысы және «Шеврон» компаниясымен бірлесіп іске асырылған біздің бірлескен жобаларымыз туралы «АЯЛА» қайырымдылық қорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президенті Жангелді Сәрсенов айтып берді. Ағылшын тіліндегі нұсқасын республикалық жобалардың жетекшісі Қуаныш Чумбалов таныстырды. Біздің қордан басқа таныстырылымға тағы да үш қор қатысты. Іс-шара аяғында «Шеврон» компаниясының қызметкерлері өздеріне ұнаған ұйымға стендте «жүрек» арқылы белгі қойды. Біздің есептеуіміз бойынша, «АЯЛА» қоры 20 «қызыл жүрек» жинады, бұл жобаларымыздың корпорация өкілдерінің жүрегіне жақын екенін білдіреді. Тағы да 20 «көк түсті жүректі» бізге қордың еркітілері болғысы келетін қызметкерлер сыйлады. Ал алты «сары жүрек» біздің таныстырылымның компания қызметкерлеріне әсер еткендігінің дәлелі болды.
«Шеврон» корпорациясының биыл осындай кездесулер өткізгенін атап өткен жөн. Алдыңғы таныстырылымдар мәдениет және білім беру салаларында жұмыс істейтін қорлар үшін ұйымдастырылған болатын.
«Шеврон» компаниясымен біздің қордың 2010 жылы ынтымақтаса жұмыс істегенін атап өтеміз. Бүгінгі күні мұнай өндіру ұйымы «АЯЛА» қорының ең ірі демеушісі болып табылады. Алматы қаласының 28 балалар медициналық және білім беру мекемелеріне көмек көрсетілді, осындай 12 мекеме Астана қаласында көмек алды және 35 мекемеге Ақмола облысының Ерейментау ауданында көмек көрсетілді. Біз осы қалалардың әлеуметтік ұйымдарына да қолдау көрсеттік. Атап айтқанда, оңалту интернаттары мен бөбектер бақшалары, сәбилер үйлері, оңалту орталықтары, балалар үйлері, перинаталдық орталықтар мен перзентханалар, ауруханалар, шипажайлар, орта мектептер. Ерейментау ауданының мүгедектеріне елеулі көмек көрсетілді. Өте қызықты жоба – «ДОС» тәуелсіз өмір» Орталығының қоғамдық мүгедектер бірлестігінде қыштан құмыра жасайтын шеберхананығң ашылуы болды. Бұдан басқа, «Шеврон» компаниясы Алматы қаласы перзентханаларының және перинаталдық орталығының қызметкерлері үшін «Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын» ұйымдастырды. Компания қызметкерлері сенбіліктерге және балалар мерекелеріне белсенді түрде қатысты. «Аяз Атаға хат» жобасын атап өткен жөн. «Алматы қ. № 1 және №10 интернаттарының 69 бірінші сынып оқушысы «Шеврон» компаниясының қызметкерлерінен сыйлықтар алды. Тұтастай алғанда, корпорация «Өмір сыйлайық», «Ерекше балаларға – ерекше назар», «Ойнаймыз және дамимыз» жобаларын және «АЯЛА» қорының басқа да көптеген жобаларын іске асыруға көмектесті. Одан әрі ынтымақтаса жұмыс істейтінімізге сенім білдіреміз!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/957-news-kz#sigFreeId9aa9ef3952