02-09-2009 Балаларға жаңа оқу жылына қарай жасалған жәрдем

Балалар құқықтарын қорғау департаментінің ғимаратында біздің қордың қызметкерлері...

Балалар құқықтарын қорғау департаментінің ғимаратында біздің қордың қызметкерлері алты отбасының 11 баласына оқу үшін қажетті бұйымдарды сыйға тартты. Барлық балаға кеңсе тауарларының жиынтықтары табысталып, ал аса мұқтаж отбасында тәрбиеленетін оқушыларға дорбалар, портфельдер, мектеп формасы мен спорттық киім берілді.

Сонымен қатар, «аяқ киім сатып алуға» ақша берілді. Қаламдар, дәптерлер мен дорбаларды балаларға біз өзіміз таңдап сатып алған болатынбыз, ал аяқ киімді олардың өздеріне таңдау мүмкіндігін бердік. Қор осы ауқымы аса зор емес жобаға 300 мың теңге бөлді. Дегемен бұл ақша игі іске жұмсалды.  

Ата-аналардың кейбіреулері қуаныштан көз жасын тыя алмады. Балаларының мектепке енді толық дайын болғанын көрген көп балалы ана «Жыламаңыз, ең бастысы балаларыңыз жақсы оқыса болды»,- деген сөзге, көз жасын сүртіп, мақтанышпен: «Менің балаларымның барлығы да – озат оқушылар! Сіздерге рахмет!»,- деп жауап берді.