Бір айдан көп бұрын «Domillion» сауда орталығында Аяз Аталар 2009 қайырымдылық шоуысы болып өтті. Біздің қорымыз осы мерекеде «игілік алушылар» ретінде қатысты. Дұрыс айтқанда біздің де қорымыз емес, біздің қамқорлыққа алғандарымыз - №1 балалар үйінің түлектері - өсу гормондары шектелген балалар және мүмкүндіктері шектелген балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мейірім» сауықтыру орталығының балалары.
Алдымен балалардың барлығы сауда орталығының балалар қалашағында ойнады, кейін мерекесі де басталды. Аяз Аталар балалармен ойнап, сыйлықтар ұсынды, биледі, және қызық жарыстар өткізді. Одан кейін мерекені ұйымдастырушылар барлық қонақтарын дәмді пиццамен тамақтандырды.
Біз барлық шоуды ұйымдастырушыларға - «Жар-Жар және қаланың тағы мерекелері » мен «Apple city нәрлі өмірден дәм Ал» жорналдарын тек осы мереке үшін емес, ылғи ақпараттық көмектері мен демеушіліктері үшін алғысымызды айтамыз. Айтпақшы, осы жорналдардың редакциясында орнатқан «АЯЛА» қорының боксында 50 мыңнан астам теңге жиналған.