04-02-2010 «АЛАУ» №3 балалар санаториясы үшін жаңа шкафтар

Қорымыз, дем алу жүйесінің қабынуымен ауыратын балалар емделетін №3«АЛАУ»...

Қорымыз, дем алу жүйесінің қабынуымен ауыратын балалар емделетін №3«АЛАУ» шипажайына көмек көрсетуін жалғастыруда. Аталмыш шипажайдың қызметкерлері ұзақ жылдар бойы балалар гардеробта киімдерін ауыстырар кезде, балаларға зиян келуі мүмкін деп қауіптенетін. Бұның себебі, гардеробтағы балалардың киімін жайғастыратын шкафтар шипажаймен құрдас екендігі. Олардың алынғанына 28 жыл болған екен. Шипажайда емделіп, сауығуға келген балалардың үстіне осы шкафтардың құлап кету қаупі болатын.  Шипажайдың әкімшілігі, бюджеттен тыс қаржының көмегімен жоғарыда аталған ескі шкафтардың ауыстырылуын жоспарлап отыр. Қорымыз болса, шипажай бөлімшелерінің біреуінде, жаңа ашық түсті  шкафтар орнатты. Қорымыз бұл бағытта осы шипажайға көмек көрсетуді жалғастыратынын білдіреміз.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп