18-11-2011 Дүнтежүзілік балалар күні жақын арада ашылған оңалту орталығына келді

Біздің қор Дүниежүзілік балалар күніне арналған мерекелер өткізуді жалғастыруда.

Біздің қор Дүниежүзілік балалар күніне арналған мерекелер өткізуді жалғастыруда.Осы мерекені өткізе отырып, біз назарларды балаларға, неше түрлі себеп күшімен қайырымдылықтың «көзіне» шамасынша сирек түсетін балалар медициналық және оқу мекемелеріне аударуға тырысамыз. Бүгін біз мерекені әр – түрлі психо-жүйке жүйесінің аурулары бар, оның ішінде БЦС ауруымен ауратын балалар бар балалар реабилитациалық орталығында (БРО) өткіздік.

БРО 2011 жылдың қыркүйегінде №2 жабылған балалар үйінің ғимаратында ашылған. Балалар  оның ішінде реабилитацияны орта шамасынша 14 күнде өтеді. Бүгін балалардың кезекті «кірулері» үшін қор және қордың достар Клубы күлкілі клоундардың қатысуы бар әдемі көрініс жасап берді. Балаларды ойын, би, ұтыс ойындары шатқа бөлендірді. Әсіресе, балаларды қуантқан түрлі түсті сабын көпіршіктерінен жасалған шоу тиімді болды. Мерекенің аяғында барлық бала сыйлыққа мультипликациялық және балалар фильмдері бар DVD мен жұпар иісті алмалар алды.     

Реабилитациялық орталығының медицина қызметкерлері кейбір балалардың жағдайлары көріністің үстінде жақсара бастағанын байқады. Музыкалық залдан шыққан медбикештердің біреуі қуана мәз болып «Сенесіңіздер ме, біздің пациенттердің бірі клоунға ұмтыламын деп, тұрып кетті. Бұл пациенттің бұндайын бірінші рет көріп отырмын.» деп айқайлап жіберді. Қатысушылар мен ұйымдастырушылардың барлығы өздері үшін, егер біздің жұмысымыз ең құрмаса бір балаға көмек балса, біздің өмір сүруіміз бекер емес, деп шешті.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп