27-09-2012 «Емдеу жылуы» жобасы аяқталды

Емдеудің тағы бір тәсілі, Алматылық қалалық балалық реабилитация орталығында (ҚБРО)...

Емдеудің тағы бір тәсілі, Алматылық қалалық балалық реабилитация орталығында (ҚБРО) емдеу мен реабилитация өтіп жүрген балаларға қол жеткізуге мүмкін болды. Біздің қор бұл медициналық мекемеге парафинқыздыру мен термостат жіберді. Бұл медициналық жабдықтар орталықтың қызметкерлеріне балаларға жылу процедураларын жасауға көмектеседі. Реабилитация орталығында емдеу курсын 3-тен 14 жасқа дейінгі, орта және шеткі жүйке жүйесінің неше түрлі аурулары бар балалар, оның ішінде бала ми салы (БМС) бар балалар өтеді. Реабилитация курстары орташа 2 аптаны құрайды. Бүгін берілген жабдықтарсыз бұрын мүмкін емес болған жылу процедуралар реабилитацияның күшті құралы болып табылады, әсіресе, БМС-і бар балалар үшін.

Парафинқыздыру мен термостатты жіберу, «АЯЛА» қайырымдылық қорының ҚБРО үшін жасаған мерейлі істерінің тізбектерінде тағы бір үзбе болды. Әр түрлі демеушілер мен «АЯЛА» қорының достар Клубы арқасында реабилитация орталығында жаңа ыдыс аяқ, асхана жабдықтары, физиоемдеуіне арналған аппараттар, медицинаға арналған басқа жабдықтар пайда болды, ал территориясында замануи спорт-ойын ауласы салынды.

«Емдеу жылуы» жобасын іске асырудағы демеуші болып «Aztrans» ЖШС шықты. Бұл компанияның құрылтайшылары балалық реабилитация орталығына бұрын көмек көрсеткен болатын. Биыл ҚБРО территориясында ойын мен спорт аулалары салынды.

ҚБРО-да оның ашылу кезінен бастап былтырғы жылдың қыркүйегінде реабилитация курсын Алматы қаласының барлық бұрыштарынан 970 бала өтті. Дәрігерлер жүйке жүйесінің ауруында реабилитацияның жоғары тиімділігін белгілейді. Парафинқыздыру пайда болғаннан бері реабилитация одан да жемісті болады, деп сенеміз.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп