08-10-2014 Үй жағдайына қарай тағы бір қадам

«Алатау» санаториясында химиятерапия курстарының арасында балалар сауықтырудан...

«Алатау» санаториясында химиятерапия курстарының арасында балалар сауықтырудан өтеді. Бұл балалар онкогематологиялық ауруларынан зардап шегіп жүр, емді олар ауруханалардан алады, ал, санаторияларда демалады. Балалардың қастарында аналары жатыр. Балалар мен аналарына арнайы бөлінген санатория бөлімінде жағдайды шамасынша үй жағдайына жақындатуға тырысады. Мамалардың өз балалары үшін жақсы көретін тамақтарын әзірлеп беруге мүмкіндіктері бар кішкентай ас бөлмесі жабдықталған, себебі, балалар емделу кезінде аурухананың тамағынан «шаршайды».

Көмек көрсету бастауын жасап бізге TurKus Global Trade компаниясының қызметкерлері келді. Біз сараптама жасадық та, қазір сауықтыру бөлімі мамалар өздерінің балаларын жуындыра алатын ыңғайсыз емес замануи кең душ кабинасына қатты қажеттеніп отырғанын анықтадық. Ашу рәсімінде әйелдер бізге және TurKus Global Trade компаниясының өкілдеріне көрсетілген көмек үшін жылы алғыстарын айтты. Ауыр ауру балалардың тұрмыстарын жеңілдететін осындай ұсақ-түйектер емдік үдеріне тиімді әсер етеді. Орамасымен бірге душ кабинасының бағасы 100 000 теңгені құрады.