21-03-2018 Біздікілерге жанкүйер боламыз!

Олар коньки мен шаңғы тебе алады, футбол мен бокспен айналысады. Спортты іс жүзінде...

Олар коньки мен шаңғы тебе алады, футбол мен бокспен айналысады. Спортты іс жүзінде жақсы көретін жас жанкүйерлер – «Облыстық балалар мен жас өспірімдерді оңалту және бейімдеу орталығы» ҚММ отандық спортшыларға жанкүйер болды, ал олар, өз кезегінде, Ақмола облысының Щучинск қаласындағы Халықаралық шаңғы жарысына қатысты. Күшті жел де, қар да олардың назарын маңызды кездесуден тыс қалдыра алмады. Балаларды спортшылармен кездесу қызықтырды – Ұлттық Олимпиада комитеті бұл кездесуді қуана ұйымдастырды. Шаңғы спортымен қай жастан бастап кәсіби түрде айналысу қажет, жеңілген кезде көңіл-күймен не істеу керек, осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауаптар балаларды қызықтырды. Спортшылармен фотосессиядан кейін оларды қос тосынсый – Ұлттық Олимпиада комитетінен және Щучинск қаласындағы Республикалық шаңғы базасынан сыйлықтар күтіп тұрды.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры Ұлттық Олимпиада комитетінің және Щучинск қаласының Республикалық шаңғы базасына ұмытылмас кездесу үшін алғыс білдіреді!

 Барлық фотосүреттерді жуктеп