22-03-2008 №2 Балалар шипажайында наурыз мерекесін тойлау

Бұл күні шипажайға, тура мағынасында, Мереке келді. Үлкен әріптен басталатын Мереке.

Бұл күні шипажайға, тура мағынасында, Мереке келді. Үлкен әріптен басталатын Мереке. Себебі емделуші балалар мен шипажай қызметкерлерінің қуанышында шек болмады.

Мерекелік көңіл-күйге табиғат та – ауа-райы жазғыша жылы болды, шипажай қызметкерлері де, біздің қор да себепші болды. Қонақтар шипажай аумағына әуе шарларынан жасалған арка арқылы кіріп, алаңша желге тербелген сәнді шарларға толды. Мерекелік киіз үй, жайылып жатқан дастархандар, сәнді ұлттық киімдер, палау пісіріліп жатқан және бауырсақ қуырылатын ыстық майға толы қазандардың буы – осының барлығы қонақтар мен қатысушылардың ерекше көңіл-күйіне, Наурызды қарсы алу қуанышына дем берді.

Осылайша мереке басталып кетті! Осы жолы келген демалушылардың жолы болды! Алдымен шипажай залында қуыршақ театры қойылым қойды. Одан кейін пациенттердің өздері өнер көрсетті. Ал киіз үй мен сауықтыру корпусының арасындағы алаңшада дала спектаклі бастылып кетті. Клоундар, сиқыр көрсету, ойындар мен сайыстар...

Жүйке жүйесінің сырқаттарымен ауыратын балалар үшін бұл емдік, жағымды «стресс» болды. Олар ойын ойнап, ән шырқады, теледидар тілшілеріне интервью берді, клоундардың репризаларына мәз болып, өздерінен жасы сәл үлкен, тіпті құрдас, бірақ дені сау балалардың биі мен акробатикалық қойылымдарын тамашалады.

Және шипажай тәрбиешілерінің бірі айтқандай – «Бүгін біздің балаларымыз әбден шаршап, қатты ұйықтайтын болды, бұл емдік ұйқы болар, сірә»...  Және жанды жылытқан тағы бір сөзі – «АЯЛА» қорының арқасында біздің шипажай осы секілді мекемелердің арасында үлгіге, алдыңғы қатардағы мекемеге айналды...»

Шипажай қызметкерлерінің өздері қазақ халқының кейбір әдет-ғұрыптарына түсініктеме беретін шағын қойылымдар дайындап, қонақтарды қабылдап, балалардың да, осы мерекенің ересек қатысушыларының да есінде бұл күн ұзаққа қалуы үшін қолынан келгенін аямай жасап жатты.

Қойылым аяқталғаннан кейін қонақтардың барлығы өте дәмді палаудан, жаңа піскен бауырсақтан, дәстүрлі наурыз көжеден, ыстық шай мен тәттілерден дәм татты.

Тіпті шипажаймен көршілес тұрған аулалардың пысық балалары да қолдарына гелийге толы шарларды ұстап, үйлеріне тойып, көңілді болып қайтып жатты. Көпшіліктің ойынша, «мереке жақсы өтті»...

 «АЯЛА» қоры табиғат «ренжіткен» балалардың өмірі барынша қуанышты және жайлы болуы үшін қолдан келгенін жасауда...

Мүмкін СІЗ де осыны қалайтын шығарсыз, бірақ әлі бұл үшін не жасай алатыныңызды білмейтін шығарсыз?