12-09-2011 Ақтөбе қаласындағы серіктестеріміз

Осы жылдың көктемінде, Алматы қаласында «Қазақстандағы Қайырымдылық» атты Екінші...

Осы жылдың көктемінде, Алматы қаласында «Қазақстандағы Қайырымдылық» атты Екінші Халықаралық Конференция өткен болатын. Жоғарыда аталған конференцияның өткізілуінен кейін шығарған пайдалы қорытындыларымыздың бірі-ол, Ақтөбе қаласында 1 жылдан астам уақыт көлемінде қызмет көрсетіп келе жатқан «Бесік» балалар қорының басшысымен танысуымыз еді. «Бесік» балалар қоры, 2010 жылдың маусым айында, атақты қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлбану Үкетайқызының бастамасымен ашылған болатын. Бұл қордың басшысы, жігерлі, ісіне берілген және не нәрсеге бей-жәй қарамайтын жан -Алма Жансаринова. Бірге өткізген кездесуіміз және екі жақты мазмұнды пікіралыстан кейін, Алма «Тыныс ал,балақай» жобасына демеу көрсеткісі келетіндігі және Ақтөбе қаласында өз көмек қолын созатындығын білдірді. Жобамыздың Ақтөбе қаласында алға басуында: «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясы, «Ақтөбе» радиосы және «Арт Вижен» жарнама-өндіру компаниясы өз үлесін қосады деп күтілуде.

Қыркүйектің 12-інде Ақтөбенің орталық көшесі-Әбілхайыр хан даңғылында, Бірінші Президент атындағы саябақ маңында, Ақтөбе қаласының тұрғындарын «Тыныс ал,балақай» жобасына қатысуға үндейтін биллборд орнатылады. Бұл үшін, кез келген «Билайн» абоненті, 1462 қысқа нөміріне хабарлама жолдау арқылы, 100 теңге сомасын жобамыздың есеп-шотына жібере алады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Бесік» балалар қорының Достар клубының мүшелерімен қызметкерлеріне,  «Тыныс ал,балақай» жобасының жүзеге асуында қосқан елеулі үлестері үшін алғыс айтамыз.

Осы орайда, жобамыз шеңберінде шала туылған нәрестелерді күтуге арналған заманауи жабдықтармен, Алматы қалалық перинаталдық орталығы және барлық перзентханалардың балалар бөлімшелері қамтамасыз етілді. Жақын арада, Өскемен, Семей және Қарағанды қалаларында орналасқан, облыстық перинаталдық орталықтар, өмірлік маңызы бар жабдықтарды жіберуді жоспарлаудамыз. Жаңалықтарымызды қараңыздар.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп