19-04-2012 Марат Бисенғалиевтің баспа-конференция

Бүгін «Интерфакс Казахстан» АА баспа – орталығында болып өткен баспа – конференцияда...

Бүгін «Интерфакс Казахстан» АА баспа – орталығында болып өткен баспа – конференцияда Марат Бисенғалиев, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Серік Игенбаев, «Сбербанк»  АҚ БА басқарма төрағасының орынбасары Анатолий Пономарев, Британ – Қазақтық Қоғамының президенті Гаухар Брамлей – Фентон және «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице – президенті Жангелді Сарсенов қатысты. Баспа – конференция Марат Бисенғалиев берейіндеп отырған қайырымдылық концертке арналған болатын. «АЯЛА» қоры концертті дайындап өткізу кезінде «Тыныс ал, балақай» Қызылорда жобасын іске асыру үшін, ақша жинап алуды жоспарлап отыр.

Концерт Абай атындағы ОБМАТ – нда 2 мамырда өтеді. «АЯЛА» қоры концертінің ұйымдастырушылары – Жинақбанкі мен Британ – Қазақстандық Қоғамы. Баспа – конференцияның үдерісінде Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Серік Игенбаев былай деді: «Арал жағасындағы экологиялық жағдайының ауырлығынан барлық облыс тұрғындарының, оның ішінде бала туатын жастағы әйелдердің де, денсаулықтары азаптануда. Сондықтан, менің өкінішіме орай, жылда облыс бойынша перзенттер өлімінің көрсеткіші орта республикалық деңгейден жоғары. Бірінші 0 – 6 тәулікте өлген перзенттердің арасында шала туған балалардың пайызы 66, 4% құрайды, оның санында дене салмақтары өте төмен 500 – ден 999 г.  дейінгілердің – 21,1%. Жылда, орташадан алғанда, өте төмен (500 – 999 г) салмағымен туатындардың абсолютті саны – 46 - 51, оның арасынан бірінші 0 – 6 тәулікте 34 – 38 бала қайтыс болады, тек 10 – 12 бала ғана тірі қалады, 1 жасқа келгенше 7 – 9 бала ғана тірі қалады. Айтып кету керек,  1 жасқа келмеген аз салмақтағы балалардың арасындағы өміршеңдіктің өсуі 2009 жылда 3,8% - дан, 2011 жылда 17,6 % - ға дейінге жетті.»       

Марат Бисенғалиев өз сөзінде былай деді: «Мен шет елдердің қайырымдылық акцияларына талай қатыстым, ал енді, әрине, өз отанымның осындай ұсыныстарынан бас тарта алмадым. Сонымен қоса, бұндай акциялар Қазақстандағы меценаттар ортасының туып кеңеюіне себеп болады, олар қайырымдылықтан бастап, классикалық музыканы да қолдауға жетер деп үміттенемін. Қайырымдылық шараларға қатысуға өз жанұя мүшелерімнің мүмкінінше көбін тартуға тырысамын, әсіресе, жастарды, сонымен олардың қазақстандық замандастарына қайырымдылыққа қатысуларын үлгі етіп көрсету үшін. Менің жиен – інілерім Амір мен Ғалияның осындай мәнді, тиімді және мерейлі шараларға мүдірместен қатысуларын көруім мен үшін үлкен қуаныш.

Біздің мақсатымыз, қатты көмекке мұқтаж болған аймақтарға көмектесу болды, - деді «Сбербанк» АҚ БА басқармасы бастығының орынбасары Анатолий Пономарев, -өйткені, денсаулық сақтау Министрлігінің мәліметі бойынша, Қызылорда облысы жаңа туғандардың өлімі бойынша ең жағдайлары нашардың бесіне кіріп отыр. Қазақстан үшін әр перзент өмірінің қымбаттығын біле отыра, біз осы оқиғадан тыс қала алмадық. «Сбербанк» қатысып отырған, «АЯЛА» қорының «Тыныс ал, балақай» жобасы, әлі жүздеген өмірді сақтап қалатынына сенеміз. Біздің банкіміз, өз әлеуметтік мәнін түсіне отыра, қайырымдылыққа көп көңіл аударады. Біз үшін, банктің әрекетінің тек қана экономикалық пайда ғана түсірмей, сонымен қоса, әлеуметтік берекеге жеткізуі өте маңызды.

«Әр қоғамның кемелденуі, оның әлсіздер мен қамқорсыздарға, көмекке мұқтаж болғандарға деген көз қарастарымен анықталады. Балалар – ол ерекше категория, және олардың денсаулығына ұлт денсаулығы байланысты. Сондықтан, «АЯЛА» қоры мен «Тыныс ал, балақай» жобасы туралы ести салып, біз оны белсеңді қолдауға шештік. Өте маңызды жағдай, Ұлы Британияда тұратын Қазақстаннан шыққандардың «АЯЛА» қоры сияқты ұйымдардың қайырымдылық істеріне қатысулары арқасында, олар өз Отанымен байланыс жасап тұрады», - деді Британ – Қазақтық Қоғамының президенті Гаухар Брамлей – Фентон.

 «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице – президенті Жангелді Сарсенов айтты: «Біздің қорда 3 дәрігер жұмыс істейді, сондықтан, біз отанымыздағы денсаулық сақтау жағдайын өте жақсы түсінеміз. Және мен үшін, дәрігерге, біздің жұмыстың нақты нәтижесін көру ерекше қуанышты. Біздің қордың перзентханадан және перинаталды орталықтардан алып жүрген статистика, біздің  бокстардан жинаған ақша мен демеушілердің қаражаттарына сатып алған медициналық аппараттарды орналастырғаннан бұрынғы және кейінгі көрсеткіштер, бізді дәрігерлер ретінде және Қазақстан Республикасының қарапайым азаматтары ретінде де қуантпауға мүмкін емес. «Тыныс ал, балақай» Қызылорда, жобасын іске асыру үшін, біз 19 357 200 теңге жинап алуды жоспарлап отырмыз. БАҚ – тың белсеңді қолдауымен бұл мақсаттың да жеткізетіндігіне сенемін.»

Баспа – конференция кезінде Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма бастығы Серік Игенбаев скрипка музыкасының жұлдызы Марат Бисенғалиевке қайырымдылық майданындағы музыканттың еңбегін мойындау белгісіне Қызылорда облысының әкімінен алғыс пен естелік сувенир берді.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры өз 5 – жылдығына «бал үшін бал емес», «Тыныс ал, балақай» жобасын іске асыру үшін қаражат жинау шарасын өткізуге шешті. Тағы да айтып өтейік, шараға дайындалу кезінде жиналған барлық ақшаның бәрі, және концерт кезінде жиналған қаражат «Тыныс ал, балақай» Қызылорда жобасын іске асыруға бағытталады.

   Барлық фотосүреттерді жүктеп