10-05-2013 Ақпараттық серктестіктің кезекті кезеңі аяқталуда

Бір жылға жуық біздің қаланың көшелерінде №123 бағыты бойынша «Дос-Транс» ЖШС...

Ақпарат бұл замандағы әлемде көп нәрсені шешеді, кейде түгелге жуық.

Генри Киссинджер 

Бір жылға жуық біздің қаланың көшелерінде №123 бағыты бойынша «Дос-Транс» ЖШС автобустары жүріп тұрды. Осы автобустардың борттарында біздің қордың «Тыныс ал, балақай» атты жобасы туралы модуль мен ақпарат орнастырылған болды. Әр Beeline абоненттері әлеуметті маңызы бар, өз тиімділігін дәлелдеген жобаға қатысу жәй ғана 1462 нөміріне sms жіберіп мүмкін екені туралы хабарламаны көріп қатыса алады.

Автокәсіпорынның басқармасы «Тыныс ал, балақай» жобасына Алматы қаласының азаматтары мен қонақтарының назарларын тартуға мүмкіндікті төлем ақысыз негізінде берді. Біздің қалада «Тыныс ал, балақай» жобасы туралы ақпаратты орналастыруға Алматы қаласының Мәдениет Басқармасы да үлесін қосты. Мәдениет Басқармасының арқасында жобаның модульдері тек көпшіліктің көліктерінде емес, біздің қаланың ең қызу көшелерде бар биллбордтарда да орналасқан. Солай-ақ бұл көмек те мүлде төлем ақысыз жасалды.

Жағдайды пайдалана отырып, Алматы қаласының Мәдениет Басқармасына және оның бастығы Қайрат Күлбаевқа жеке, және тағы «Автобаза Дос Транс» ЖШС директоры Асқар Байсұлтановқа үлкен алғысымызды білдіргіміз келіп отыр. Біздің қор еліміздің барлық түкпіріндегі 14 балалық реанимация бөліміне тапсырған замануи медициналық жабдықтар жаңа туған балалардың мыңдаған өмірін сақтап қалды, осының барлығында Сіздердің де еңбектеріңіз бар. Біздің ынтымақтастығымыз келесі жылы да жалғасар, деп үміттенеміз, себебі біздің қордың ең әр түрлі салада көп жобалары бар.

 «Тыныс ал, балақай» жобасы туралы ақпарат орналасқан автобустар күрделі жөндеуге кетпек, және түгелімен боялады, сондықтан, біздің жарнама, өкінішке орай, жоғалып кетеді. Біз Beelineның барлық бей-жай емес абоненттері бастарында 1462 нөмірді сақтап жүрер, және үнемі оған sms жіберіп тұрар, деп сенеміз.