16-07-2013 Оңтүстік Қазақстанға тағыда «Тыныс ал, балақай» жобасы келіп жетті

«АЯЛА» қайырымдылық қордың 2008 жылдан бастап өткізіп жүрген «Тыныс ал, балақай» жобасы...

                                                                                                                                                                 Әр баланың жаны – ұлттың ең зор дәулеті

«АЯЛА» қайырымдылық қордың 2008 жылдан бастап өткізіп жүрген «Тыныс ал, балақай» жобасы өзінің аяғына да жетіп қалды. Бүгінгі күнге қарсаң «Тыныс ал, балақай», Түркістан жобасы үшін 2 медициналық сорғыш пен 1 дем салу аппарат  сатып алуға бағытталған 3 000 000 теңге жиналды. Бұл жабдықтың сауықтыру шаралар жүргізу барысындағы орны бөлек. Дәрігерлер, орта және кішкене медициналық қызметкерлер перинаталды орталықтардың балалық реанимация бөлімдеріне жабдықтарды тапсыру жөніндегі көптеген шаралар кезінде, осы жабдықтардың бар кезінде болғаны байқалмайды, ал, оның жоқтығында «мүлде қол байланып қалады», деп белгіледі.

Туылу жағынан дәстүрлі озат болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысының перзентханалары мен перинаталды орталықтарына жасаған көмектер «Тыныс ал, балақай» жобасына Оңтүстік Қазақстан облысында туылған бизнесмендердің назарларын, қазір қай жақта тұрып жатқанына қарамастан, тартар деп үміттенеміз.

Замануи медициналық аппаратураны сатып алуға 3 000 000 теңгені біз «Интергаз Центральная Азия» мен LCB Partners компанияларынан алдық. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Тыныс ал, балақай» жобасы кезеңінің толық құнды аяқталуы үшін 9 982 350 теңгені жинап алу керек.

Тәндері экстремалды төмен салмақпен жаңа шала туылған перзенттерге көмек көрсету жөніндегі медициналық бағдарламаны қолдап жүрген барлық қазақстандықтарды біздің қордың қолданып жүрген ең әр түрлі тәсілдер арқасындағы фандрайзинг үдерісіне қосылуға шақырамыз. Сіздер біздің сайттың «бізге қалай көмектесуге болады» тарапшасында ұсынылған, қаражат жинауға қолданып жүрген тәсілдерді талдап пайдалана аласыңыздар.