21-09-2013 Астаналық BKS жартылай марафон күнтізбесіне орнықты кірді

Бүгін Қазақстан астанасында Астана қаласының әкімшілігінің қолдауымен Британ-Қазақ Қоғамы...

Бүгін Қазақстан астанасында Астана қаласының әкімшілігінің қолдауымен Британ-Қазақ Қоғамы (British-Kazakh Society, BKS)  ұйымдастырған бесінші жүгіріс старт алды. 2009 жылы BKS Астанада өзінің алғашқы 7 км шақырымға жүгірісін өткізген, ал, ақырғы 2 жылда қашықтық жартылай марафондыққа жетті. Ұйымдастырушылар жоспарында жүгірісті толық марафондық қашықтық дәрежесіне жеткізу, және оларды Лондон, Бостон, Токио мен басқа қалалардағыдай етіп көп таралған және беделді етпек. Астанадағы қайырымдылық BKS жартылай марафон демеушілері «Эйр Астана» авиакомпаниясы KIOGE, ENRC компаниялары және «Технодом» болып шықты. Жартылай марафонның серіктестері фитнес орталық  World Class, Radisson SAS отелі, «Әсем Ай Сарыағаш» суы, спорттық жекпе-жек пен спорттың күштесу түрлері Конфедерациясы болды. Бас ақпараттық демеушісі – Muzzone теле арнасы.  

Астанадағы жартылай марафон тек спорттық мақсатты көздеп отырған жоқ. Жүгіріс неше түрлі қайырымдылық жобаларды іске асыру үшін қаражат жинау бойынша шара болып табылады. 2012 жылы өткізген Астанада BKS жартылай марафон мен Алматыдағы 10 км жүгіріс кездерінде жиналған барлық қаражат «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай - Петропавловск» жобасын іске асыруға жаралды. Петропавловск облыстық перинаталды орталық үшін 15 460 905 теңге сомасына балалық реанимация бөліміне керек көп санда медициналық жабдықтар сатып алынды. Бұл аппаратура Петропавловск қаласындағы облыстық перинаталды орталығының медициналық қызметкерлеріне шала жаңа туылған балалар мен неше түрлі патологиялары бар перзенттердің ондаған өмірлерін сақтап қалуға көмектесті.

Дәстүр болып қалыптасып үлгерген BKS жүгіріс ұйымдастырушылары «Тыныс ал, балақай» жобасының тиімділігін жоғары бағалады. 2013 жылы да Астанадағы жартылай марафон мен Алматы және Лондондағы 10 км жүгірістерді дайындап өткізу барысында жиналған барлық қаражаты «Тыныс ал, балақай - Орал» жобасын іске асыруға бағытау шешілді. Орал облыстық перинаталды орталығының балалық реанимация бөліміне сатып алуға жоспарланып отырылған жабдықтардың сомасы 18 285 500 теңге. Қайырымдылық BKS жартылай марафонды кезекті рет қазақстандық спортының жұлдыздары қолдады. BKS жартылай марафонға Олимпиада және бокс, күрес, дзюдо, таеквандо мен ауыр атлетика бойынша басқа спорттық жарыстар чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты. Илья Ильин, Юрий Мельниченко, Ислам Байрамуков, Владимир Седов, Мария Грабавецкая, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусизов, Ақжүрек Танатаров, Асхат Житкеев, Ұлан Рысқұл, Бейбіт Ыстыбаев, Арман Чилманов, Нұрсұлтан Мамаев, Феруза Ергешова и Алмас Утешов қуана автографтарын таратып, және BKS жүгірісінің барлық қалаған қатысушылары және қонақтарымен суретке түсіп жатты. Қайырымдылық жүгіріске біздің спортсмендердің қатысулары – қазақстандық спортының әлеуметті жауапкершіліктігінің кезекті дәлелдігі. Бұл үлгі Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық ұйымдардың осы мәртебелі дәстүрдің дамуындағы ортақ ісіне қызмет етер, деп білеміз.    

Жартылай марафонға 100 жүгірушілер қатысты.  Еркектердің арасында жеңіпаз Сергей Поликарпов болды, оның артынан Бибол финишқа келді, үшінші болып Төлеген Әкежанов келді. Әйелдер құрмет тұғырында бірінші орынды Маржангүл Фиринчи алды, екінші Мишель Купал, үшінші орын Татьяна Меньшиковаға тиді. Корпоративті жүгірушілердің арасында жеңімпаз болып ENRC компанисы өкілі шықты, екінші орында  «Қамқор Локомотив» ТОО-дан келген жүгіруші болды, ал, үшінші орын «Эйр Астана» авиакомпаниясына тиді. Жартылай марафон нәтижесінде 1 944 300 теңге жиналды. Алдымызда әлі, 28 қыркүйекте өтетін 10 км Алматыдағы BKS жүгіріс және 19 қазанға белгіленген Лондондағы 10 км BKS жүгіріс. 

Қайырымдылық жүгірісті өткізудің бас ұйымдастырушысы мен идеялық демеушісі Британ-Қазақ Қоғамының атқарушы директоры Гауһар БРАМЛЕЙ-ФЕНТОН былай деді: «Міне, бес жыл бойы біз Қазақстан бас қалаларының көшелеріндегі қайырымдылық жүгірістерін дамытуға шамадан келетін үлес қосып келеміз, және, біздің бастауымыз ынтамен қабылданып, әкімшіліктер, демеушілер және жүгірістің қатысушыларының қолдауларымен дамып жатқанына қуаныштымыз. Көмегісіз біздің бастауымыздың мүмкін емес «АЯЛА» қорына ерекше алғысымызды айтқымыз келіп отыр».

«Біз әрқашанда салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды насихаттайтын шараларды сүйсіне қолдаймыз, ал, осындай шаралар қазақстандық медицинаға, әсіресе, балалық медицинаға бағытталған болса, біздің қолдауымыз көп есе өседі. Британ-Қазақ Қоғамымен біз көп жылдан бері демісті ынтымақтасып келеміз, осы ынтымақтасымыз екі жаққа да пайдалы болар, деген үміттеміз», – деді Астана қаласының туризм және спорт басқармасының бастық орынбасары Самат ҚАБДУЛЛИН.

«Мені, BKS-ның Қазақстанға спорт шараларын мейірімді істер жасауға себеп ететін бұрыннан келе жатқан британ дәстүрін алып келгені өте қуантады. Тек таза спорттық құндылықтан басқа осындай шаралардың тағы рухани құндылықтары да бар, біздің елдегі қайырымдылықтың дәстүрі мен мәдениетін қалыптастыруға көмектесе. «Тыныс ал, балақай» жобасы да өзінің аяғына жетіп қалды. Қазір енді, жаңа туылған балаларға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге арналған замануи аппаратураға қолдары жетіп үлгермеген қалалар, перинаталды орталықтардың санын атау жеңілдеді.  «АЯЛА» қоры «Тыныс ал, балақай» жобасын іске асыруға, және тағы басқа да қордың медициналық және гуманитарлық бастауларына көмектерін көрсеткендердің барлығына алғысын білдіреді», – деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді САРСЕНОВ.

Орал қаласындағы облыстық перинаталды орталықтың директоры Николай Борисович ДМИТРИЕНКО өз кезегімен былай деп белгіледі: « Қазақстанның ең барлық түкпіріндегі өзіміздің әріптестерімізден «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасы туралы көп естуіміз бар. Алматы қаласындағы перинаталды орталықта біздің дәрігерлер тәжірибе алып келгеннен кейін алматылық әріптестеріне деген қуаныштарын жасыра алмай жүр. Алматылық перинаталды орталықта «АЯЛА қайырымдылық қорының сыйлығы» деген қысқаша тақташасы бар жабдықтар өте көп. Біз осындай тақташалары бар аппаратура біздің де балалық реанимация бөліміне қашан жетер екен, деп шыдамымыз таусыла күтудеміз».

 Барлық фотосүреттерді жүктеп