28-09-2013 Кезекті қайырымдылық BKS жүгірісі Алматыда өтті

Алматы қаласының Тұңғыш Президент паркінде бүгін 10 км екінші BKS жүгірісі өтті.

Алматы қаласының Тұңғыш Президент паркінде бүгін 10 км екінші BKS жүгірісі өтті. Британ-Қазақ Қоғамы Астанадағы, Алматыдағы және Лондондағы қайырымдылық жүгірістердің бастауышы болып шықты. Қазақстанның бас қаласында жартылай марафон өтті, ал, Алматы мен Лондонда қашықтық 10 км құрады. Бұл спорттық шара дәстүр бойынша қайырымдылық сипатты болды, және Алматы қаласы әкімшілігінің тығыз қолдауымен ұйымдастырылған.

BKS жүгірісін дайындау және өткізу барысында жиналған барлық қаражат «Тыныс ал, балақай-Орал» жобасын іске асыруға бағытталады. Жоба медиктерге өте қатты шала туылған балаларды жетілдіруге мүмкіндік беретін өмірлік қажеті мол медициналық жабдықтармен Орал қаласы облыстық перинаталды орталығының балалық реанимация бөлімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мерекелік ахуалды көп километрлік жүгірісті өткізуге ең қолайлы алматылық ауа қамтамасыз етті. Көп санды спортсмендер мен олардың жанкүйерлері, фитнес-клуб World Class мастер-тренері мен басқарушысы Валихан Тен ұйымдастырған қызу жаттығуларын ынталықпен өткізді. Маңызды қолдауды жүгіріске спорттық жекпе-жектер мен спорттың күштесу түрі Конфедерациясын өкіл еткен атақты қазақстандық спортсмендер көрсетті. Автографтар және олимпиадалық чемпиондар Серик Сапиев, Зульфия Чишанло, Ақжүрек Танатаров пен «Қазақстан Барысы-2011» турнирінің жеңімпазы, дзюдоист Ұлан Рысқұлмен суретке түсуге мүмкіндік спорттық мерекенің қатысушылары мен жанкүйерлері үшін жақсы бонус болды.

Дәл сағат 11:00 спортсмендер старт бастап қаланың бір әдемі парктерінің біріндегі ұзақ қашықтығына кетті. Замануи жабдықтар жүгірістердің ұйымдастырушыларына әр спортсменнің уақытын 2 км, 6 км және 10 км отсечкаларында нақ анықтауға мүмкіндік берді.

Қайырымдылық BKS жүгірісінің демеушілері «Эйр Астана» авиакомпаниясы, KIOGE, ENRC компаниялары, «Технодом» және Қазақстанның Халық банкі болып шықты. Бас ақпараттық орталық - Muzzone теле арнасы. Корпоративтік қайырымдылық жарнаны Ericsson Kazakhstan компаниясы қосты. Айтпақшы, корпоративтік спортсмендер арасында ең жақсы жүгіруші Ericsson Kazakhstan өкілі болды.

Спортсмендердің ішіндегі ең бақанының финишқа келгенінен кейін жеңімпаждарды марапаттауының әшекейленген рәсімі өтті. Подиумға алдымен адамзаттың тамаша жартысы өкілдері шықты. Үшінші орынды Мишель Купал алды, Екінші тұғырдың баспалдағына Анна-Карин Линдблом шықты, ал, қыздар арасындағы алтын финалистка қазақстандық Екатерина Шатная болды.

Ер адамдар өкілдер марапаттауларды былай бөлісті: үшінші орынды Марлен Ненербаев алды, күмісті Нұрлан Құмар жеңіп алды, ал, жеңімпаз Михаил Красилов болды.

Әсіресе, Қазақстандағы Ұлы Британ елшісі Каролин Браунның, Алматылық марафондықтар клубының мүшелерінің, қазақстандық бокс жұлдыздары Серік Сапиев, Айжан Есім, София Тасмағамбетованың қайырымдылық жүгірісіне қатысуларын белгілеп кеткіміз келіп отыр. Ең жасы жеткен жүгіріске қатысушы 66 жастағы Марат Балтабаев.

Спортсмендер мен мерекенің қонақтары үшін ыстық ішімдіктер, тамақтарды мейрамханалық  Palladium кешені ұсынды, ал, стайерлерге сұмдық қажет минералды суды «Әсем Ай Сарыағаш» сауда таңбасы бар «Dream Technology KZ» компаниясы қамтамасыз етті.

Алматыдағы 10 км BKS жүгірісінің барысында 2 632 450 теңгеден астам жиналды. Британ-Қазақ Қоғамының атқарушы директоры Гаухар Брамлей-Фентон «АЯЛА» қайырымдылық қорымен ынтымақтасу тәжірибесінің өте тиімді және табысты екенін мойындады. Лондондағы 10 км BKS жүгіріс, оның ойынша, қазақстандық қайырымдылық жүгірістер сияқты, осындай жемісті болуға тиіс.

Астанадағы, Алматыдағы және Лондондағы спорттық шаралар дәстүрге айналып дәрігерлер мен медбикештерге қазақстандық балалық ауруханаларының пациенттеріне жоғары біліктілік көмек көрсетуге көмектесер, деп сенеміз.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп