04-10-2013 Антонио Бандерас «Тыныс ал, балақай» жобасының аяқталуына қатысты

Бүгін Kaspibank’те испан текті атақты актер Антонио Бандераспен баспа-конференция...

Бүгін Kaspibank’те испан текті атақты актер Антонио Бандераспен баспа-конференция болып өтті. Голливудтың ең талап етілген және көпке танымалы актерлерінің бірі бір күн бойы kaspi клиенттеріне қызмет көрсетті де, «Сіздер үшін тағы не істей аламыз?» слогоны бар жарнама кампаниясына қатысты. Конференц-залында өте көп жорналистер жиналды. Біздің қор үшін ең маңызды конференция бөлігі 38 млн. теңгеге чек берген кез болды. Бұл чекке  Антонио Бандераспен, Kaspi bank Директорлар Кеңесінің Төрағасы Вячеслав Киммен және Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадземен қол қойылған. Бұл қаражатты «АЯЛА» қоры «Тыныс ал, балақай» жобасының қорытынды кезеңін іске асыруға жаратады. Біз замануи аппаратураны Орал, Ақтау және Түркістан қалаларындағы облыстық перинаталды орталықтардың балалық реанимация бөліміне сатып аламыз. Одан басқа, 3 млн. теңгеге Алматылық перинаталды орталық үшін гематологиялық талдағыш сатып алынады.

Kaspi bank’тағы баспа-конференция өте қызық болып өтті. Антонио Бандерастан басқа, Михаил Ломтадзе, Вячеслав Ким, біздің қордың президенті Айдан Сулейменова, Алматы қаласының денсаулық сақтау Басқармасының бастығы Жанат Қасымжанова сөз сөйледі. Ең ауқымды республикалық қайырымдылық жобасын іске асырудың нәтижесі жасалды. «Тыныс ал, балақай» жобасы біздің еліміздегі балалық өлім төмендету жасаушыларының бірі болды, және дене салмақтары экстремалды төмен шала жаңа туылған балалардың тірі қалуларын маңызды көтеруге көмектесті.

Айта кету керек, Kaspi bank бізге «Тыныс ал, балақай» жобасының басында қалай көмектессе, солай, Алматыдағы, ал, енді, жалпы бүкіл еліміз бойынша, жобаны аяқтауға да көмегін салды.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп