23-08-2019 CodingLab 3-ші маусымы: SAMSUNG тегін бағдарламалау мектебіне қабылдау басталды

SAMSUNG CodingLab тегін бағдарламалау мектебі жобаның үшінші маусымына ...

SAMSUNG CodingLab тегін бағдарламалау мектебі жобаның үшінші маусымына қабылдауды бастағанын қуана хабарлаймыз. 

«Біздің мектепте Android негізіндегі смартфондар үшін мобильді қосымшалар және java тіліндегі ойындар жасауды қызықты және түсінікті түрде оқытамыз. Қазіргі уақытта бұларды әзірлеушілер еңбек нарығында ең қажет мамандар болып табылады. Демек, біз жасөспірімдерге армандаған жұмысқа қол жеткізудің бірден-бір мүмкіндігін береміз», – деді Samsung ECE корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік менеджері Берік Омаров. 

CodingLab-қа Алматының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің 14-тен 18 жасқа дейінгі оқушылары түсе алады.

Бұл бағдарламалау мектебінде ыңғайлы және мықты компьютерлермен жарақтандырылған сыныптар бар. Тәжірибелі практик-оқытушылар өткізетін сабақтар аптасына 2 рет 2 сағаттан воркшоп, семинар және шағын жобалар форматында өтеді. Сондықтан зерікпейсіздер!

Мектептің тыңдаушысы болу оңай. Алдымен https://coding-lab.kz/ сайтында өтінім беру керек, содан кейін тесттен өту және қабылданудың растамасын күту қажет.

 «АЯЛА» қоры SAMSUNG-тің бұл жобаны іске асыруына жәрдем беруде. Жобаның бірінші маусымы туралы мына жерден http://www.ayala.kz/redesign2/index.php/ru/programs-rus/coding-lab-project-rus/item/3039-news-rus және мына жерден http://www.ayala.kz/redesign2/index.php/ru/programs-rus/coding-lab-project-rus/item/3097-news-rus біле аласыздар. 

CodingLab-қа 2019-2020 жж. қабылдау нәтижесі туралы біз бір айдан кейін хабардар етеміз. Біздің жаңалықтарымызды қадағалап жүріңіздер!