«АЯЛА» қайырымдылық қоры, медициналық жабдықтардың берілуі жұмыстарына өз үлесін қосты. Ең біріншісі, Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығында іске асты. Осы жерде Қайырымдылық қорлары қауымдастығының (ҚҚҚ) жобасы тәмәмдалды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің қоры, «ДАРА» қайырымдылық қоры және біздің қорымыз, аты аталған орталықты жаңа жабдықпен түгендеп, жасақтады.
Электрокардиограф – кардиохирургия бөлімшесінде, көбінесе өмірлік маңызы бар жабдық болып саналады. Операциядан кейінгі уақытта тыныс алуды жақсартатын бірден бір ингаляторлар болып табылады. Арнайы операциялық көздіктер, хирург мамандарға ең кішкентай ауруларымызға операция жасауларын жеңілдетеді. Сонымен қатар, кардиохирургия бөлімінде ішкі құю үшін тіректер орнатылды. Тағы да, бөлімшеге үш емдеу төсегі мен балалар үшін жылжымалы мүгедек арбасы алынды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің қорымен «ДАРА» қайырымдылық қоры бірлесе отырып, балаларға арналған ойын бөлмесінің тұсау кесерін өткізді.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры, «Мен де өмір сүргім келеді» жобасы шеңберінде Сызғанов атындағы ҰХҒО-нда балалар кардиохирургиясын дамыту жөнінде көмек беруін жалғастыруда.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/give-life-kz/item/1013-news-kz#sigFreeId1cc698f9e2