Бүгін, «Rixos President Astana» қонақ үйінде, «Тойбастар» компаниясы қайырымдылық аукционын өткізді. Аталмыш аукционда той дастарханына арналған торт, дизайнерлік көйлектер, премиум санатында костюм тігуіне мүмкіндік беретін сертификат, тірі гүлдерден жасалған сөмке, сұлулық салонына арналған сертификат және басқа да лот түрлері сатылымға ұсынылды. Бұл аукционға шақырылған сәтте, түскен қаражаттың барлығы біздің және №1 Ақкөл балалар үйіне жіберілетіндігін білгенімізде қуаныштан төбеміз көкке жеткендей болды. Осы жәйт, қорымыздың жасап жатқан игі істері, тек ару қаламыз Алматы да ғана емес, Еліміздің бас қаласы Астанада да белгілі болып жатқанының бірден бір дәлелі болып табылады.
Бұл аукционнан түскен барлық қаражатты, «АЯЛА» қайырымдылық қоры, Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның кардиохирургия бөлімшесіне жабдықтау жұмыстарын жалғастыру мақсатында жібереді. Осы орайда, аукционымызды «жандандырып», бұрынғыдан да көп қаражаттың жиналуына септігі тиген, «Paladin» компаниясынының өкілдеріне деген зор алғысымызды білдіреміз. Аукцион қорытындылары бойынша, қорымыз 220 000 теңгеге ие болды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/give-life-kz/item/1015-news-kz#sigFreeId1e00fb8728