2012 жылдың 6 ақпанында Сызганов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының (ҰХҒО) конференц–залында, жүректерінде туа ақаулары бар (ЖТА) балалардың ашық жүректеріне операция жасауға арналған медициналық құралдарды тапсыру рәсімі өтті. Құралдар «АЯЛА» қайырымдылық қорымен Қазақстан Республикасының балалық кардиохирургиясын дамыту жөніндегі «Менің де өмір сүргім келеді» жоба шектеуінде сатылып алынған болатын.
2008 жылдан бастап «АЯЛА» қайырымдылық қоры біздің елдің балалық кардиохирургия мәселесімен айналыса бастады. Статистика бойынша, республикамызда жылда 3- тен 5 мыңға дейін әр – түрлі туа жүрек ақаулары (ТЖА) бар бала туады екен. Бұрын болса, осындай баланың 80% астамдары 1 жасқа толмайды екен, себебі, ол кездегі кардиохирургия бөлімдерінің жағдайы, операциондық және реанимация бөлімдерінің қамтылғандықтары, хирург пен кардиолог дәрігерлерінің дайындықтары жақсылыққа зар қылдыратын. Бұл жағдайдың түрі, қазақстандық медицинасының дамуына үлес қосып жүрген, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін бей – жай етіп қалдырмады.
«Менің де өмір сүргім келеді» жобасын іске асыру кез арасында біздің қор оған барлығын қосқанда 45 888 103 теңге жіберіп үлгерді. Біздің демеушілерімізсіз және серіктесімізсіз бұндай ақшаны жинап алуға, әрине, мүмкін болмас еді. Әр жылдары бізге Dialin, Halyk bank, Viled, КазСтройСервис сияқтыкомпаниялар көмек берген, бірнеше жеке тұлғалар үлкен қайырымдылық жасады, қаражат әр-түрлі қайырымдылық шаралар үстінде де жиналып жатты.
2009 жылы қайырымдылық қорлар көмектерінің арқасында, ҰХҒО дәрігерлері Бергамо қаласының кардиохирургия клиникасында біліктіліктерін көтеру курстарын өтті. Дәрігерлердің Италиядан келгендерінен кейін, салмақтары 10 кг жетпейтін балаларға операциялар жасау жағдайы жақсы жаққа қарай өзгере бастады.
2010 жылы ҰХҒО – да 292 балаға операция жасалды, оның ішінде 108 – салмағы 10 кг жетпегендер. Бұрын бұндай операциялар бірден саран болатын. 2011 жылы УДЗ дәрігерлер біліктіліктерін көтеру Томск кардиоорталығына мамандандырылуға 2 дәрігер жіберілген болатын. Бұның өзі де «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен кардиохирургия жобасы жөніндегі біздің серіктесіміздің қаражатына жасалды. ҰХҒО – ның дәрігерлері 2011 жылы 282 әр – түрлі ТЖА бар балаларға операциялар жасады, оның ішінде, 34 - жастары 1 жасқа толмаған балаларға, 58 – жастары 3 жасқа толмаған балаларға.
ҰХҒО – ға жіберілген хирургиялық құралдар жоғарғы сападағы материалдардан жасалған, және туа жүректерінде ақаулары бар пациенттердің жұмырықтай ғана жүректеріне жасайтын арнайы операцияға арналған. Бұл құралдар жинағының бағасы 4 232 693 теңге.
Бұл құралдарды сатып алу үшін қаражаттар қордың «Қағанат» асханасына, және «Эйр Астана» авиабилеттерін сату жөніндегі кеңселерге орнатқан бокстарынан жиналды. Ақшаны бокстарға тұрғындарға қызмет ететін осы жердің келіп - кетушілері берген, яғни, біздің елдің қарапайым азаматтары. «АЯЛА» қоры «Менің де өмір сүргім келеді» жобасының осы кезеңін іске асыру үшін қаражат жинауға көмек көрсеткен, барлық мейірімді және жомарт адамдарға алғыс білдіреді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/give-life-kz/item/1245-news-kz#sigFreeIddb75a5d243