Біздің қор, былай қарағанда, логикалық бойынша аяқталып қойған жобаларға әлсін-әлсін қайтыр келеді. Бұл жолы біз Қазақстандағы балалық кардиохирургияны дамыту бойынша «Менің де өмір сүргім келеді» жобасына қайта оралдық.
4-5 желтоқсанда Ресейлік медициналық ғылымдар Академиясының (РМҒА)Сібір бөліміндегі ҒЗИ-нда Томск қаласында VII Бүкілресейлік «туа және жүре пайда болған атриовентрикулярлы қан жол тетіктер қызметтерінің бұзылулары бар жүрек ақаулары» атты мектеп-семинар өтті. Бұл шараға Алматылық перинатология орталығы мен балалық кардиохирургия дәрігерлері де қатысты. Бұл «АЯЛА» қайырымдылық қорының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды. Біздің қор Алматы қаласындағы перинатология орталығында және балалық кардиохирургиясында жұмыс істейтін кардиохирург Геннадий Нигай мен анестизиолог-реаниматолог Айзада Муратованың көлік шығындары мен тұру шығындарын төлеп берді. Бұл жобаның бағасы 251 874 теңгені құрады.
Дәрігерлердің айту бойынша, мектеп-семинарына қатысу өте пайдалы болды. Осы халықаралық конференция барысында алынған білім біздің мамандарға жаңа туылған балалардағы туа жүрек ақауларына диагностика жүргізуге және емдеуге көмектеседі.