Біздің қор өткенде аса маңызды болған және қазақстандық денсаулық сақтау дамуына үлкен үлес қосқан жобаларға үнемі қайтып оралып жатады. Осындай жобалардың бірі балалық кардиохрургиясын дамыту «Менің де өмір сүргім келеді» жобасы. Осы жобаның шектеуінде біз Сызганов атындағы ҰҒХО-на көптеген медициналық жабдықтарды және туа болған жүрек ақауы (ТЖА) бар балаларға операция жасау үшін қажет бұйымдарды жібердік. Қордың қолдауымен біздің дәрігерлер Италия мен Ресейде тәжірибе алды. Қазақстанға бірнеше рет Италияның жетекші клиникаларынан жоғары біліктілік балалық кардиохируртар мен реаниматологтар бригадалары келген. Олар да «АЯЛА», «ДАРА», және «ДОМ» қайырымдылық қорларының, және, солай-ақ, итальяндық «Aiutarei bambini» қайырымдылық ұйымының қатысуымен мүмкін болған.
Бірнеше қайырымдылық қорларының ақпараттық желісіндегі белсеңді жұмыстар нәтижесі мемлекеттің кардиохирургия мәселесіне көңіл аударғаны болды. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы ТЖА-дан кеткен балалар өлімінің статистикасы жұбататындай емес болған. Туа жүрек ақаулары бар 5 баланың ішінен – төртеуі бір жасқа келмей қайтатын. Ал, оларға операциялар Алматыда тек Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның кардиохирургиялық бөлімінде ғана жасалатын. Қазіргі таңда жағдай жақсы жағына қарай өзгерді. ҰҒХО-да кардиохирургиясының балалық бөлімі ашылды, ТЖА-сы бар балаларға операцияны Ғылыми педиатрия мен балалық хирургия орталығында және Алматы қаласындағы перинаталогия мен балалық кардиохирургия орталығында жасайтын болды.
Итальяндық кардиохирургтармен ынтымақтастасу бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Біздің қор Қазақстанға келген дәрігерлер бригадаларының «іс сапарларын» қолдап отыр. Қазақстандық хирургтарымен бірге жасалған операциялар біздің дәрігерлерге біліктілік деңгейлерін көтеруге көмек береді. Бірақ, ТЖА бар жаңа туылған балалардың кішкентай ғана жүректеріне күрделі операция жасау арнайы аспаптарсыз өте қиын болар еді. 2015 жылдың 16 қаңтарында «АЯЛА» қайырымдылық қоры Алматы қаласындағы перинатология және балалық кардиохирургия орталығына балалардың жүректеріне операция жасауға арналған жоғары сапалы аспаптар жиынтығын жіберді. Бұл жиынтықтың бағасы 5 000 евро, теңгеге аударғанда 1 032 500 теңгені құрайды.
Жаңа аспаптар бір емес балалардың өмірдерін құтқарып қалуға көмек көрсетеді, деп сенеміз. Айтпақшы, сәуірде Италиядан кезекті рет дәрігерлердің келуі жоспарланып отыр. Алматыдағы бір апта жұмыстарының арасында халықаралық дәрігерлер бригадасы жүрекке 10 – 12 күрделі операция жасайды, көптеген қараулар мен кеңестер өткізеді. Кардиохирургтар бригадасының келу, тұру және тамақ бюджеттері 2 359 324 теңгені құрайды. Барлық туа жаралған жүрек ақаулары бар балалардың тағдырына бей-жай емес адамдарды осы жобаны қолдауға шақырамыз. Бізге Сіздердің кез-келген көмектеріңіз жарайды.