Қайырымдылық қорлары қауымдастығының шектерінде Республикамыздағы балалар кардиохирургиясына көмек көрсету «тобында», біздің қорымыз «ДАРА» қайырымдылық қорымен және «ДОМ» ҚҚ бірлесе отырып, Сызғанов атындағы ҰХҒО үшін «Equator» құрылғыларын сатып алды.Жабдық біздің үш қордың «қауымдастығы» үшін 762 125 мың теңгеге түсті. Бұл қаржыны біз бірге жинадық – БАРЛЫҒЫНА шексіз алғысымызды білдіреміз!
Конвекциялық нысандағы құрылғы түрлі патологиясы бар кішкентай пациенттерге операциядан кейінгі кезеңде аса қажет.
Сервобақылауы бар «Ақылды көрпешелер» өз денесінің температурасын қалыпта ұстауға «әлі жетпейтін» сырқаттарға көмектеседі. Бұл ауыр операциялардан кейін де таптырмайтын құрылғы. Әсіресе бір жасқа дейінгі және одан сәл асқан балалардың кардиохирургиясында өте маңызды. Бұған дейін осындай сәбилерді көне резеңке жылытқыштармен, электржылытқыштармен жылытуға тура келетін.
Жаңа жабдық – еліміздегі балалар кардиохирургиясының дамуындағы «шағын қадам». Сіздердің көмегіңізбен, ҚР қайырымдылық ұйымдарына үнемі қол ұшын беретіндермен бірге, біз сәбилеріміз үшін медицинамызды жақсарта түсеміз, демек, Отанымыздың келешегіне қомақты үлес қосамыз.