Италиялық дәрігерлер бригадасы Сызғанов атындағы Хирургия Ғылыми орталығындағы жұмысын аяқтады. Өкінішке орай, техникалық себептерге байланысты бұл жолы операциялардың саны жоспарланғаннан азырақ болды. Балғын жастағы төрт қазақстандық сәбидің денсаулығы оңалды. Біздің қайырымдылық қорымыз дәрігерлер бригадасын көлікпен қамтамасыз етті.
Дәрігерлерді түскі аспен тамақтандырған «Мамамия» және «Palladium» мейрамханаларының иегерлері мен қызметкерлеріне, дәмді кешкі ас үшін «Assorti» және «Тюбетейка» мейрамханаларына бөлек алғыс білдіргіміз келеді.