Осы ұранмен, Қорымыз Қостанай облысы Сарыкөл ауылының түрлі мекемелеріне жаңа тарту табыстады. Осы орайда, былтырғы жылдың күз маусымында «Бал даурен» балабақшасының жөндеу жұмыстары біткендігін естеріңізге түсіре кетейік. Қорымыз, бірнеше жыл бос тұрып нашар жағдайға түскен балабақша ғимаратының күрделі жөндеуден өтуін қаржыландырды.
Осы шара аясында, балабақша қызметкерлерімен бүлдіршіндерінің бізге дайындаған концерттік бағдарламасына да қатыстық. Орта мектептің спорт бөліміне бокс алаңы және де бокспен шұғылдануға арналған керек-жарақтар орнатылды. Сонымен қатар, біз балаларға боксер қолғаптарымен дулығаларын тарту еттік. Ал, ауруханаға, балаларға да үлкендерге де УДЗ - заманауи диагностика жабдығын табыстадық.
Жоғарыда аталған аурухананың реанимация бөлімшесіне тыныс алу құрылғылары, реанимация үстелі, дәрілік заттарды жіберу контроллері және шприц мөлшерлеуіші берілді. Кішкентай пациенттер үшін фототерапия жабдығы табысталды. ОРА-ға берілген жабдықтардың құны 12.681.506 теңгені құрады. Ал, қорымыздың Сарыкөл ауданының түрлі мекемелеріне көрсеткен көмегіне жұмсалған қаржының, жалпы құны 25.641.318 теңгені құрап отыр. Қорымыздың қызметкерлері, барған барлық мекемерде, жұмысшылар тарапынан жылы ықыласпен қарсы алынды.
Егер де, табысты адамдардың әрқайсысы, өзінің «кішкентай Отанында» орналасқан ауруханаға көмек қолын созса, Қазақстанымыздың ауылды жерлерінің инфраструктуралық құрылымы әлдеқайда жақсаратын болады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/1104-news-kz#sigFreeIdc4157e7e2f