11-11-2015 Жұмыла көмектесейік!

Екібастұз перзентханасының жан сақтау бөлімшесінде өмірлік қажетті жаңа жабдық пайда болды.

Екібастұз перзентханасының жан сақтау бөлімшесінде өмірлік қажетті жаңа жабдық пайда болды. «АЯЛА» қайырымдылық қоры қызметкерлерге жаңа жан сақтау үстелін, өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратын және инфузиялық дозаторларды жалпы сомасы 15 211 000 теңгеге сатып алды. Шприц дозаторы медбикелердің жұмысын едәуір жеңілдетеді, ол шағын дозаларды дербес есептейді.  ӨЖЖ аппараты 500 грамнан бастап салмақтағы балаларға арналған, онда орнатылған СИПАП аппараты балаға өкпесін ашуға көмектеседі. Жан сақтау үстелі нәрестенің дене қызуын сақтайды. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, олар мұндай аппаратурамен таныс. Олар жабдық жүздеген баланы құтқарып қалады деп сенеді, себебі тыныс алу аппаратынсыз дем ала алмайтын нәрестелер де бар. Мысалы, биыл перзентхананың жан сақтау бөлімшесінде 132 бала болды. Оның ішінде жартысынан көбі  – айы-күні жетпей туған балалар. Төрт нәрестенің салмағы бір килограмнан аспайды.

Екібастұз перзентханасының бас дәрігері Гүлнар Нығметжанованың айтуынша, олардың перзентханасы күрделі өнеркәсіптік өңірдегі жалғыз босанатын мекеме болып табылады. Ол көп жағдайда ауыр жағдайда қалған жүкті әйелдерге көмек көрсетеді. Қаражаттың Қазақстан Халық банкінің қатысуымен жиналғанын атап өтеміз. Банктің клиенттері бес жыл бойы Интернет-банкинг (myhalyk.kz) арқылы шамалы сомаларды аударып отырды.

Медициналық жабдықты тапсыру – Қазақстан  ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге арналған «Өмір сыйлайық» атты ауқымды жобасының бір бөлігі. Оны «АЯЛА» қоры 2007 жылы Алматы қаласының балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында ашты. 2011 жылы басталған жобаның шегін оңтүстік астанадан тыс кеңейту туралы шешім қабылданды.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп