05-03-2012 «Өмір сыйлайық. Ақтау»

«Өмір сыйлайық» жобасы балалық жұқпалы аурулар ауруханаларына, яғни, реанимациялардың...

«Өмір сыйлайық» жобасы балалық жұқпалы аурулар ауруханаларына, яғни, реанимациялардың бөлімдеріне көмек жасауға бағытталған. Бұл жоба 2007 жылы бас алған болатын, біздің қор Алматы қаласындағы балалық инфекционды ауруханаларының реанимация бөлімдерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз еткенге көмек көрсетті. Осы бөлімге ИВЛаппараттары, жартылай автоматталған зертхана, фототерапия аппараты, жаңа туған балаларға арналған кювез және басқа да медициналық жабдықтар жеткізілген болатын. Бұл жоба өзінің тиімділігін ондаған балалар өмірлерін сақтап қалуымен дәлелдеп көрсеттіп отыр. «АЯЛА» қоры бастаған жобаның шектеуін оңтүстік астана сыртына шығаруды қарастырды.    

Біздің қор 5 наурызда Маңғыстау облыстық инфекционды ауруханасының реанимация бөліміне реанимациалық үстелдер, инелік мөлшергіштер және электросорғыштар беріп тапсырды. Медициналық жабдықтарды ұсыну рәсімінде Маңғыстау облысының денсаулық сақтау Басқарма бастығының орынбасары Алмабек Қонарбаевич Бисен және Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау Басқармасының аналық пен балалығының  меңгерушісі Ләззат Есенғалиева қатысты. . Аурухананың бас дәрігері Шаймерден Камельевич Берқалиев біздің қордың өкілдеріне жылы алғысын айтып, алынған жабдықтар барлық мүмкіндіктерімен жұмыс істеп, медициналық қызметкерлеріне өз пациенттеріне шамасынша толық көлемде көмек етуге қолайлық жасайды деп, бізге уәде берді.

Бұл шараның демеушісі  «ЭксонМобил Казахстан Инк.»компаниясы болды. Ол компания әрекеттер саласындағы өз әлеуметтік бағыттарымен танылуы бұрыннан бері белгілі. Денсаулық сақтауға, білімге және басқа әлеуметтік мағынасы бар салаларға көмек көрсетуі «ЭксонМобил Казахстан Инк.» компаниясының таныстық карточкасы болып табылады. «ЭксонМобил» компаниясының қайырылымдық саласындағы іс әрекеті отандас мұнайшыларға да үлгі болар, деп сенеміз.

Маңғыстау облыстық инфекционды ауруханасына берілген барлық жабдықтарының жалпы сомасы 3 597 393 теңгеге тең.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп