Алматы өңірлік балалар ауруханасында жаңа медициналық жабдық пайда болды. «АТФБанк» АҚ-тың Private Banking клиенттерінің арқасында ақша сомасы жиналып, оған құны 3 302 000 теңге болатын екі жан сақтау үстелі сатып алынды. Ал Ciao Pizza және «Мамамия» пиццериялар желісінің келушілері жинаған қаражатқа жалпы құны 1 100 000 теңге екі фототерапия аппараты сатып алынды.
Жаңа аппараттар Алматы өңірлік балалар ауруханасы үшін шын мәніндегі Жаңа жылдық сыйлық болды. Қазіргі уақытта нәрестелер және айы-күні жетпей туған балалар аурулары бөлімшесінде жиырмаға жуық бала бар. Мамандардың айтуынша, оларға кемінде 10 жан сақтау үстелі қажет. Мекемеде бір ғана үстел болды. Сонымен бірге, жан сақтау үстелі нәрестелерді бағып-күту үшін аса қажет, ол жылу мен қолайлы жағдай көзі болып табылады. Нәрестелердің сары ауруын емдеуге арналған фототерапия аппараттарына келсек, олар ауруханада мүлдем болмаған. Ал медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, бұл бөлімшеге келіп түсетін әрбір екінші бала осы ауруға шалдыққан.
Жабдықты «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Өмір сыйлайық» жобасының шеңберінде сатып алып, тапсырды. Бұл жоба Қазақстанның балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне көмек ретінде бағытталған. Ол 2007 жылы басталған болатын, ол кезде «АЯЛА» қоры Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне медициналық жабдықпен жабдықтауға көмектесті. Жаңа жабдықтың көмегімен дәрігерлер балалар өлімін төрт есе азайтуға мүмкіндік алды. 2011 жылы жобаның географиялық шегін Алматы қаласынан тыс кеңейту туралы шешім қабылданды. «АТФБанк» АҚ-та «Өмір сыйлайық» жобасы ағымдағы жылғы қыркүйекте басталды. «АТФБанк» АҚ-тың басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Гүлнар Балахметованың айтуынша, банк клиенттері жобаға қатысу туралы ұсынысқа дереу атсалысып, олардың белсенді ұстанымының арқасында балалар ауруханасына жан сақтау үстелдерін беру мүмкіндігі пайда болды. Қаражат жинау жалғасады, және қажетті медициналық жабдық сатып алынуына қарай, ол ауруханаға тапсырылатын болады, - деп атап өтті Гүлнар Балахметова.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/1392-news-kz#sigFreeId8401bf0570