Бүгін Алматы қаласындағы балалық қалалық клиникалық инфекционды ауруханасында (БҚКИА) реанимация бөліміне жаңа медициналық жабдықтар тапсыру рәсімі өтті. Бұл 2007 жылдан бастап «АЯЛА» қайырымдылық қоры іске асырып жүрген «Өмірге дем салайық» жобасының жалғасы болды. Осы жоба шектеуінде «АЯЛА» қоры балалық инфекционды ауруханалардың реанимация бөлімдерін замануи жабдықтармен жабдықтауға көмектесіп жүр. Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдан бастап Алматы қаласындағы БҚКИА реанимация бөлімдеріне өкпені жасанды желдету аппараты, сандық зертхана, фототерапия аппараттары және көп басқа медициналық жабдықтар жіберілді, бөлімде күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. 2012 жылдан бастап жабдықтармен қамтамасыз ету көмектері оңтүстік астанадан тыс жерлерге де көрсетіліп жатыр. Замануи аппаратураны «Өмірге дем салайық» жобасы шектеуінде Ақтау, Орал, Көкшетау, Тараз, Атырау қалаларындағы облыстық балалық ауруханалардың реанимация бөлімдері және Қостанай облысының Сарыкөлдік орталық аудандық ауруханасы алды.
Бүгін Алматыдағы БҚКИА реанимация бөліміне пациенттің өмірлік іс әрекетінің көптеген параметрлерін бақылау үшін қажет кереует қасында тұратын мониторлар мен медицина қызметкерлеріне баланың ағзасына қажетті дәрілерді нақ және дәлме-дәл уақытымен салуға көмектесетін инелік мөлшергіштер тапсырылды. Бұл замануи аппараттар, әсіресе, соған ерекше қажеттенетін балаларға көрсететін медициналық көмектің сапасын маңызды көтеруге көмектеседі.
БҚКИА бас дәрігері Ержан Қоштайұлы Әлиби былай деді: «Біздің аурухана тек Алматы қаласының неше түрлі инфекционды аурулары бар балаларына ғана көмектесіп қоймайды, және тағы жақын арадағы елдімекендердің балаларына да. «АЯЛА» қайырымдылық қормен бірге біз көп жылдан бері ынтымақтасып келеміз, сөйтіп, барлық қызметкерлердің қайырымдылық көмекті шамасынша тиімді етуге тырысып жүргендеріне көзіміз жетті. Қор жобаларына қатысып жүрген барлық демеушілерге үлкен алғысымызды айтамыз».
БҚКИА реанимация бөлімінің жетекшісі Сергей Николаевич Хохуля әңгімелерінің бірінде ауруханада іске асырып жүрген «Өмірге дем салайық» жобасы медициналық қызметкерлеріне балалық өлімнің көрсеткішін 4 есеге төмендеткені туралы айтты.
«Реанимация мен интенсивті терапия бөлімінің кез келген ауруханада үлкен мәні бар, себебі дәл осы бөлімдерде денсаулықтарында ең неше түрлі бұзылулары бар балалар жиналады. Дәргерлер мен медицина бикештерінің кәсіпқойлықтарына балалың өмірі байланысты, ал, біздің реанимация бөлімдеріне жіберіп жүрген медициналық аппаратура пациенттердің өмірге деген мүмкіндіктерін маңызды көтереді», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сарсенов.
Бүгін жіберілген жабдықтардың жалпы бағасы 4 689 500 теңгені құрады. «Өмірге дем салайық» жобасының осы кезеңінің демеушісі жеке тұлға болды. Біз бұл мейірімді адамға үлкен алғысымызды білдіреміз.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры Алматы қаласының балалық инфекционды ауруханасымен ынтымақтасып жүрген барлық жылдар арасында 48 813 320 теңгеге жабдықтар сатып алынды, жөндеу жасалды және тағы басқа көмек көрсетілді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/1518-news-kz#sigFreeId64ffa8010b