4 және 5 қазанда «Жайлау» клубында қайырымдылық гольф-турнир «АЯЛА-2014» өтті. Осы шараны дайындап өткізу барысында «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Өмірге дем салайық» жобасын іске асыру үшін 10 млн. теңге жинап алуды жоспарланып еді.
«Өмірге дем салайық» жобасы босану үйлерінің және облыстық балалық пен көп салалы ауруханалардың балалық реанимация бөлімдерін өмірлік қажеті бар медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге көмек жасауға бағытталған. Шара барысында жиналған қаражат Алматы қаласындағы №2 босану үйінің балалық реанимация бөліміне замануи медициналық аппаратурасын сатып алуға бағытталады. Дем салу аппараты СИПАП, реанимациялық үстелін, пациенттің мониторын, инфузионды мөлшергіштерін және фототерапия аппараттарын сатып алу жоспарланып отыр. Бұл жабдықтар негізінде неше түрлі аурулары бар шала туылған балалар мен перзенттерге жоғары біліктілік медициналық көмек көрсетуге арналған.
«АЯЛА» қайырымдылық қорының балалық денсаулық сақтау саласындағы барлық жобалары өзінің жоғары тиімділігі мен әлеуметтік маңыздығын көрсетті. «Тыныс ал, балақай», «Ұлт денсаулығы босану үйінен басталады», «Менің де өмір сүргім келеді» жобалар денсаулық сақтау қызметкерлеріне балалық өлімді – тұтас елдің дамуы мен өз жұмыстарының маңызды көрсеткіштерінің бірін төмендетуге көмектесті.
«АЯЛА» қайырымдылық гольф-турнирі екі бөліктен тұрды – тікелей 100-ге жуық спортсмен қатысқан гольф-турнирден және шараның қатысушылары мен қонақтары үшін кешкі тамақтан тұрды. Кешкі тамақ кезінде қайырымдылық аукцион жүргізілді, оның лоттары Милла Йовович Алматыда өткен Saks Fifth Avenue-дің ашылу рәсіміне киген көйлек, әлемдік футболдың жұлдыздарының автографтары бар футбол добы болды. Допта өздерінің автографтарын Франческо Тольдо, Йенс Леманн, Паоло Мальдини, Хавьер Дзанетти, Алессандро Костакурта, Кахабер Каладзе, Фабио Каннаваро, Кристиан Пануччи, Сержиньо, Ривалдо, Луиш Фигу, Леонардо, Эдгар Давидс, Кларенс Зеедорф, Андрей Шевченко, Кристиан Вьери, Дуайт Йорк қалдырыпты. Бұл 2014 жылдың қыркүйегінде өткен әлем құрамасы мен алматылық командасы «Қайрат» арасындағы матч кезінде болыпты. Басқа лоттар атақты спортсмендер қолдарын қойған футбол бутсасы және Laurent-Perrier шампаны болды. Аукцион кезінде «Өмірге дем салайық» жобасын қолдауға 7 300 000 теңге жиналды. Гольф-турнирдің кезінде барлығы 12 453 500 теңге жиналды. Бұл демеушілердің, серіктестердің қаражаттары, гольф-турнирге қатысушылардан қаражат жинауға арналған боксқа салынған жеке қайырымдар болды.
Турнирдің бас демеушісі қазақ-корей LCB Partners компаниясы болып шықты.Турнирді АТФ Банкі, Viled компаниясы, гольф-курорт «Жайлау», Wimpex компаниясы, «Агроөнімдер компаниясы «ҮМІТ» ЖШС, Tassay компаниясы, агентство Energy Nation колдады.
Турнирдің ұйымдастырушылары осындай форматты шараны жыл сайын өткізуді шешті. Енді біздің елдің қайырымдылық күнтізбесінде жаңа күн пайда болды.
Алматы қаласының №2 босану үйінің бас дәрігері Темірхан Батырханович ДЖЕНАЛАЕВ былай деді: «Кезінде біздің босану үйіміз «Тыныс ал, балақай» жобасы шектеуінде аппаратура алған, және «АЯЛА» қорының бірреттік акциясымен шектелмейтіні, қатты қуантады. Оның денсаулық сақтау саласындағы жұмысы үнемі тиімді, осының ең басты дәлелдеуі мыңдаған жаңа туылған балалардың құтқарылуы болып табылады. «Тыныс ал, балақай» жобасы, менің ойымша, көмек көрсетудің деңгейін одан да жоғары деңгейге көтеруге көмек көрсетеді».
LCB Partners компаниясының бас директоры Бота ТУЛЕНОВА былай деп белгіледі: «»АЯЛА» қайырымдылық қорымен біздің танысқанымызға бірталай болды. Біздің компания қордың жобаларына бірнеше рет қатысты. Біз жобалардың біреуіне қаражат жинау үшін қорға көмектесетін жаңа тәсіл іздеп едік, солай, LCB Partners компаниясы бүгінгі турнирді ұйымдастыруға көмектесті. Мүмкін, біз бұл іспен айналыспас едік, «АЯЛА» қайырымдылық қоры жұмыстарының шынайы нәтижелерін көрмесек».
«Қаражат жинау бойынша осындай өлшемдегі шара бұрын өткізілмеген. Турнир біздің елдегі қайырымдылықтың дәстүрі мен мәдениетін қалыптастырудың тізімінде кезекті кезең болды, деп сенгіміз келеді. Нақ осында біз біздің қайырымдылық қорымыздың негізгі миссиясын көргіміз келеді», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді САРСЕНОВ.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/1541-news-kz#sigFreeIdefaa129494