Бүгін Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында қуанышты оқиға орын алды. «АЯЛА» қайырымдылық қоры балалар жан сақтау бөлімшесіне 8 фототерапия аппаратын, 10 шприц дозаторын, 5 медициналық сорғышты тапсырды. Сыйға тартылған медициналық жабдықтың жалпы құны – 13 950 000 теңге. Демеушісі жеке тұлға болды. Жабдықты тапсыру Қазақстан ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге бағытталған «Өмір сыйлайық» жобасының шеңберінде өтті. Жоба шеңберінде сыйға берілген аппараттардың арқасында жүздеген бала өмірі құтқарылды.
Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы – жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге, нәрестелерге және туа бітті жүрек ақауы бар балаларға көмек көрсететін көп салалы медициналық мекеме. Осыған дейін Орталықтың базасында «АЯЛА» қайырымдылық қоры Алматы қаласының дәрігерлері үшін Литва мамандарының қатысуымен семинарлар мен тренингтердің апталығын ұйымдастыруға көмектесті.