Бүгін Орал қаласындағы облыстық балалық көпсалалы ауруханасында реанимация және интенсивті терапия бөлімдеріне жаңа жабдықтар тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Ауруханаға жаңа шала туылған балаларға көмек көрсетуге арналған СИПАП дем салу аппараты, фототерапия аппараты мен балалардың қандарындағы неинвазивті билирубинді талдағыш тапсырылды.
Бұл шара – ауқымды «Өмірге дем салайық» жобасының бір бөлігі. Жоба «АЯЛА» қорымен 2007 жылы Алматы қаласындағы қалалық балалық инфекционды ауруханасында басталған болатын. Бірнеше жыл ағымында реанимация бөліміне жіберіліп отырған жабдықтар ауыр жағдайда жатқан балаларға медициналық көмек көрстеу деңгейін көтерді. Ауруханадағы балалар өлімінің төмендеген саны көрсетімді болды, емдік және диагностикалық аппаратураны реанимация бөліміне орнатқаннан кейін балалар өлімі 4(!) есеге азайды. Жалпы көрсеткіштерге балалық реанимациясын жабдықтаудың әсері «Өмірге дем салайық» жобасының географиясын кеңейтудің себебі болды. Шын мәнінде, «Өмірге дем салайық» жобасы республикалық «Тыныс ал, балақай» жобасының логикалық жалғасы. Қазіргі таңда, босану үйлері мен перинаталды орталықтардың балалық реанимация бөлімдерінің кішкентай пациенттері облыстық балалық ауруханалардың реанимация бөлімдеріне ауыстырылып жатыр немесе иммунитеттері әлсіреу күшімен балалық инфекционды ауруханалардың пациенттері болып жатыр. «Тыныс ал, балақай» жобасы бойынша, перинаталды орталықтар әлсіреген балалардың өмірлерін сақтап қалуға көмек көрсететін көп санды жабдықтар алды, көпсалалы облыстық ауруханалардың осындай бөлімдерінде жетіспеушілік бала үшін пешенеге жазылған болуы мүмкін.
. СИПАП дем салу аппараты дем шығару кезінде жоғары жеткілікті қысымды қамтамасыз ете жаңа шала туылған балалардың өмірлік әрекетін демеуге көмектеседі. Бұл факт жеткілікті дамымаған өкпелер альвеолаларына осы сәтте қайтпауға мүмкіндік береді. Фототерапия аппараттары жаңа туылған балалардың сары ауруларымен дәрі-дәрмексіз күресуге көмектеседі, және канды ауыстырып құю бойынша операция жасаудан бас тартуға мүмкіндік береді. Баланың қанындағы билирубиның жоғарланған деңгейін тез арада жою бас миына ауыр уландыру әсеріне жол бермеуге көмектеседі, демек, ақыр аяғында, біздің елдің интеллектуалды болашағына қосылған үлес болып табылады. Билирубиннің деңгейін неинвазивті анықтау аппараты Bilichek медиктерге фототерапияның алдыңғы кезекке қажет пациенттер тобын анықтауға көмектеседі. Демек, «АЯЛА» қайырымдылық қоры Орал облыстық көпсалалы ауруханаға жіберіп жатқан барлық аппаратура кішкентай пациенттерге жасайтын жоғары технологиялық көмегінің бірегей жиынтығына жиналады екен.
Кезекті рет Қазақстан Халық банкі «АЯЛА» қайырымдылық қорының әлеуметтік маңызы бар медициналық жобасын іске асырудағы серіктесі болып шықты. Халық банкі қордың балалық кардиохирургиясын дамыту жөніндегі «Менің де өмір сүргім келеді», жоғарыда айтылып кеткен «Тыныс ал, балақай» жобалары сияқты жобаларды іске асыруға қатысқан болатын. Өте маңыздысы Алматы облысындағы босану үйлері мен орталық аудандық ауруханаларында жүзеге асырылған «Ұлт денсаулығы босану үйінен басталады» жобасын қаржыландыру болды. Өзінің қайырымдылық жобаларда қатысуымен Халық банкі өзінің «халық» деген атын үнемі дәлелдеп отырады. Орал облыстық көпсалалы ауруханасының реанимация бөліміне көмек көрсету жобасына банк 5 555 900 теңге аударды.
Орал қаласындағы облыстық балалық көпсалалы ауруханасының директоры Арман ҚАЛИБЕКОВ былай деді: «Бізді перинаталды орталықтардың балалық реанимация бөлімдеріне көмек көрсету жөніндегі «Тыныс ал, балақай» жобасының өз жалғасын алғаны қуантады. Бүгін біздің актуалды медициналық жабдықтарды шектеуінде алған «Өмірге дем салайық» жобасы біздің жұмыста үлкен жәрдем болады. Қайырымдылықта жұмыс істеп жүрген дәрігерлер өздерінің әріптестерін назарларынан тыс қалдырмай жүргендері және барынша тиімді көмек көрсетуге тырысып жүргендері өте ұнамды».
«Біз жаңа көлемді жобаны абайлап жүріп таңдадық, себебі, сөз өте үлкен сома туралы емес пе. Біздің қор қашанда тиімді қайырымдылық принциптерін басқа алады, және, бұл, біздің бір емес ондаған өмір сақтап қалуға көмектесетін бағдарламаның болашақ демеушілеріне ұсынып отырмыз, деген сөз. Менің ойымша, біз әріптестерімізге жоғары біліктілік медициналық көмек көрсету үшін шамасынша мүмкіндік жасауға көмек береміз, және, бұл нақ балалық медицина саласында өте маңызды»; деді Жангелді САРСЕНОВ, «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті.
Қайырымдылық жобаларға қазақстандық бизнес озаттарының қатысу үлгілері республикалық нарықтың барлық қатысушылары үшін позитивті жолдау болып табылады. «АЯЛА» қайырымдылық қоры бұл тәжірибе барлық қазақстандықтар үшін әдет болып қалыптасар, деген үмітте.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/1951-news-kz#sigFreeIdb4b7e59fac