Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы «КаР-Тел» ЖШС ТМ Beeline-мен қосыла біздің қорға 1462 қысқа нөмірге sms жіберу арқылы «Тыныс ал, балақай» жобасына қаражат жинауға мүмкіндік ұсынған болатын. Хабарлама жіберілгеннен кейін абоненттің шотынан 100 теңге қорға түсетін, ал, жіберетін sms-тің санын ешкім шектемеген. Бұл қызмет қайырымдылыққа үйден немесе кеңседен шықпай отырып қатысуға мүмкіндік беретін. Банкке барудың, түбіртек толтырудың немесе интернеттен төлеудің басқа түрлерін іздеудің керегі жоқ, Бұл болашақ қайырымшылардың уақытын маңызды үнемдейтін.
Барлығы 3 жыл арасында Beeline «Тыныс ал, балақай» жобасына 8 772 000 теңге аударды. Бұл сома біздің кейбір облыстық перинаталды орталықтарға жіберген жабдықтардың бағасымен салыстырмалы. Бұл үшін тек компанияға емес, оның клиенттеріне де бөлек алғысымызды айтамыз.
«Тыныс ал, балақай» жобасы аяқталды, бірақ қор бұл жобаны басқа, «Өмір сыйлайық» аталатын жобасымен жалғастыруды шешті. Перзенттер, әсіресе, шала туылғандар, перинаталды орталықтан шыққаннан кейін немесе ауыстырғаннан кейін, енді, перинаталды орталықтардың пациенттері емес, облыстық балалық ауруханаларының пациенттері болады. Егер босану үйлері мен перинаталды орталықтардың балалық реанимация бөлімдері қазір жеткілікті түрде перзенттерге мамандандырылған көмек көрсету үшін жабдықталған болса, қарапайым балалық ауруханалардың реанимация бөлімдерінде осындай жабдықтар толық өлшемде, әзірше, жеткіліксіз. «КаР-Тел» ЖШС басқармасы «АЯЛА» қайырымдылық қорының осы да жаңа тиімді және әлеуметтік маңызды жобасын қолдауды шешер, деп сенудеміз.