Атырау облыстық балалар ауруханасында жаңа жабдық – медициналық сорғыштар пайда болды. Құралдарды «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Энереко Каспио Инжиниринг энд Контрактинг» ЖШС бөлген қаражатқа сатып алды. Компания қызметкерлері жабдықты медицина қызметкерлеріне өздері тапсырды. Барлығы 5 сорғыш сатып алынды. Жалпы құны – 1 450 000 теңге. Медициналық сорғыш – хирургиялық араласу кезіндегі аспирацияға, септикалық сұйықтықты сорып алуға және гинекологиялық процедуралар кезінде аспирацияға арналған құрал. Жабдық «АЯЛА» қайырымдылық қорының Қазақстанның облыстық ауруханаларының балалар жан сақтау бөлімшелеріне жәрдемдесуге бағытталған «Өмір сыйлайық» жобасының шеңберінде тапсырылды. Жоба көптеген құтқарылған балалар өмірі арқылы өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Атырау облыстық балалар ауруханасы – облыстың балаларына көмек көрсететін жалғыз медициналық мекеме. Жыл сайын жан сақтау бөлімшесінде 250-ден астам бала медициналық көмек алады. «АЯЛА» қайырымдылық қорымен жұмыс – біздің компаниямыздың бірінші акциясы емес және қордың іскерлік беделінің және бүкіл қайырымдылық қаражатының толық ашықтығының арқасында бұл жұмысты біз бұдан әрі де жалғастыратын боламыз. Біз заманауи медициналық аппаратураны пайдалану балаларды емдеу кезінде оң әсерді айтарлықтай ұлғайтатынына сенеміз. Біздің компаниямыз үшін медициналық мекемелерге заманауи жабдықта жұмыс істеуге және Қазақстанның балалары үшін медициналық қызметтердің сапасын ең жоғары деңгейде ұстап тұруға жәрдемдесетін осындай акциялар аса маңызды», – деп хабарлады Назира Қамысбаева, «Энереко Каспио Инжиниринг энд Контрактинг» ЖШС-нің бас менеджері.