«АЯЛА» қайырымдылық қоры Қызылорда облысының жеті мекемесіне жиырмадан астам жаңа заманауи медициналық аппаратты сыйға берді. Салтанатты тапсыру рәсімі облыстық перинаталдық орталықта өткізілді. Мамандардың айтуынша, енді медицина қызметкерлері осыған дейін Қызылорда қаласына жіберуге мәжбүр болатын босануы қиын әйелдерді босандыра алады.
Медициналық мекемелер айы-күні жетпей туған балаларды бағып-күту кезінде маңызды «СИПАП» тыныс алу аппараттарын, науқастарға ерітінділерді, әсері жоғары емдік препараттарды, қоректену заттарын ұзақ, дозамен әрі бақылап құюға арналған шприц дозаторларын, дефибриллятор, В-40 сорғыштарын және фототерапия аппаратын алды. Жалпы құны – 300 000 теңге.
«АЯЛА» қорының «Өмір сыйлайық» атты жобасы Қазақстанның балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге бағытталғанын және оның алғаш рет Қызылорда облысының аудандарында іске асырылғанын атап өтеміз. Ауылдық жерлерде әйелдердің 60%-ы босанатындықтан, медицина қызметкерлері сыйға берілген жабдықтың көмегімен нәресте өлімін азайтуға үміт артып отыр.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/2292-news-kz#sigFreeIda1675971b7