Алматы қалалық перинаталдық орталығына сыйға берілген жаңа жабдық жүздеген баланың өмірін құтқарып қалады. Оған мекеменің неонаталдық қызметі жөніндегі директорының орынбасары Найля Хайруллина сенімді. Өкпені жасанды желдетудің SLE 5000 аппараты, 5 фототерапия аппараты және 5 шприц дозаторы Орталыққа «Шеврон» компаниясының және «АЯЛА» қорының атынан сыйға берілді. Жалпы құны – 25 650 000 теңге.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта мекеменің балалар бөлімшелері медициналық жабдыққа аса мұқтаж. Мұнда небәрі 10 ӨЖЖ аппараты, 17 шприц дозаторы және 3 фототерапия шамы бар. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, тиісті жабдық одан көп болуы керек. Сонымен бірге, жыл сайын Орталықта 8000-ға жуық әйел босанады, олардың 15%-ы – ерте босанады. Осылайша, сыйға берілген жабдық жағдайды жақсартып, емдеу шаралары барынша тиімді әрі пайдалы болады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/2306-news-kz#sigFreeId90f506fb7f