Сертификаттар, күлімдеу, құттықтаулар. Қазақстандық дәрігерлерде халықаралық тәжірибемен алмасуға, жаңа білім алуға және оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік пайда болды. Алматыда Литваның белгілі дәрігері Арунас Любшистің және медбике Дангуте Маурицайтенің тренингтеріне қатысқан тыңдаушыларды салтанатты түрде құттықтады. Мамандар бір апта бойы Алматы қаласының перзентханалары мен перинаталдық орталықтарының нәрестелерге арналған бөлімшелерінің акушер-гинекологтары, неонатологтары, медбикелері үшін оқыту семинарларын өткізді. Литвадан келген медицина қызметкерлері Алматы қ. Перинатология және балалар кардиохирургия орталығы базасында мамандықтағы қиындықтар туралы айтып берді.
Қонақтардың келуін «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Шеврон» компаниясының демеушілік қолдауымен ұйымдастырды. Литва мамандары оңтүстік астанаға бірінші рет келіп отырған жоқ. Қазақстандық әріптестердің айтуынша, медицина саласындағы халықаралық сарапшылармен әрбір кездесуден кейін іс жүзіндегі тиімділік өсуде. Өткен жылғы дәрістердің нәтижесі бойынша Алматыдағы медицина қызметкерлері нәресте өлімін бірнеше есе төмендетуге мүмкіндік алды.
Арунас Любшис соңғы 10 жылда, ДДҰ/ЮНИСЕФ сарапшысы ретінде ТМД елдерінде көп семинар мен дәріс жүргізеді. Арунас Любшис басшылық жасайтын Литваның неонатология орталығында нәрестелер мен сәбилердің арасындағы перинаталдық өлімді, сондай-ақ бала жасынан мүгедектікті азайтуда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/2308-news-kz#sigFreeIdbd7cd303aa