07-12-2016 Қысқа нөмір – құтқаруға мүмкіндік!

Алты жасар Аделя Құдайберген толқу үстінде. Әрине, бүгін ол өзі басты рөл ойнаған...

Алты жасар Аделя Құдайберген толқу үстінде. Әрине, бүгін ол өзі басты рөл ойнаған роликтің презентациясында сөз сөйлеуге тура келеді. Сценарий бойынша роликте ақ көйлек киген қыз 9962 қысқа нөміріне кез келген мәтіні бар хабарды жіберген адамдарға шариктер береді. SMS-тен барлық қаражат «АЯЛА» қорының «Өмір сыйлайық» жобасының шеңберінде Қазақстанның балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне медициналық жабдықты сатып алуға жіберіледі.

Бүгін Аделяның қатысуымен бейнероликтің премьерасы және 9962 қысқа нөмірін іске қосудың ресми таныстырылымы өтті. Енді, балаларға көмектесу үшін өз телефоныңда тек төрт цифрды терген жеткілікті. Beeline және Tele2 абоненттері үшін кез келген мәтінмен хабардың құны 300 теңгені құрайды. Kcell және Activ абоненттері үшін – 200 теңге. Жобаға қолдау көрсеткен және қысқа нөмірге SMS жіберген адамдардың алғашқы қатарында Қазақстанның бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болды. Ол эстафетаны өзінің спорттан әріптестері  Дмитрий Баландинге, Василий Левитке және Серік Сәпиевке берді, сол арқылы басқаларды осындай қажетті жобаны қолдауға шақырды.

«Өмір сыйлайық» жобасы Қазақстанның балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне көмектесуге, өмірлік қажетті жабдықты – ӨЖЖ және СИПАП аппараттарын, шприц және инфузиялық дозаторларды, жан сақтау үстелдерін және т.б. сатып алуға арналған. Қазіргі уақытта қор балалар ауруханаларынан және перзентханалардың балалар жан сақтау бөлімшелерінен көмек көрсету туралы өтінішпен көптеген хаттар алуда. SMS-сыйға тарту кішкентай науқас балаларға өмір сүруге тағы да бір мүмкіндік береді.

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп