Олардың осы апта ішінде бір-біріне үйреніскені соншалықты, айырылғысы келмеді. Литва мамандары Арунас Любшис және Инесса Суботович өткен сенбіде Қызылорда қ. Облыстық перинаталдық орталығының базасында акушер-гинекологтар, неонатологтар, медбикелер үшін қорытынды дәріс өткізді. Соңында естелікке фото және, әрине, сертификаттар тапсыру. Тренингтер 23 – 28 қаңтар аралығында өтті. Арунас пен Инесса Қазақстанның дәрігерлеріне науқас және күні жетпей туған нәрестеге тиімді көмек көрсету туралы айтып берді. Семинарларға жүзге жуық дәрігер қатысты. Олардың айтуынша, енді олар қорытынды шығарып, барлық күш-жігерлері кемшіліктерін жоюға бағытталатын болады.
Қызылорда дәрігерлерін оқытуға арналған ақшаның бір бөлігін Лондон қаласының бизнесвумені және саяхатшысы Кейт Маллинсон бергенін атап өтеміз. Ол Дарт өзені бойымен жүзу бойынша қайырымдылық сайыстарына қатысып, барлық жиналған қаражатты, яғни 4,210 фунт стерлингті «АЯЛА» қорына берді. Оқытуға арналған қосымша қаражат Алматы мен Астанада орнатылған бокстардың арқасында жиналды. Барлығы Қызылорда мамандарының біліктілігін арттыруға шамамен 2,5 млн. теңге жұмсалды.
Нәрестелердіңқарқынды терапия және жансақтау саласындағы халықаралық сарапшысы, Арунас Любшис соңғы 10 жылда ТМД елдерінде көптеген семинарлар мен дәрістер өткізіп жүргенін еске сала кетейік. Қазіргі кезде ол Вильнюс медицина университетінің Балалар ауруханасының бөлімшесін басқарады. Өткен жылы Арунас Алматы қ. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында оқыту семинарларын өткізді. Алынған білімнің нәтижесінде Қазақстан мамандары нәрестелердің өлімін бірнеше есе төмендетуге мүмкіндік алды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/2406-news-kz#sigFreeIdbe73d96e16