Жаркент қаласында «АЯЛА» қайырымдылық қоры перзентхананың медицина қызметкерлеріне медициналық жабдық тапсырды. Бұл – шағын қала, онда перзентхана 80 орынға есептелген, айы-күні жетпеген сәбилерге көмек көрсетуге арналған қарқынды терапия палатасы 5 орынға арналған. Бұл жерде медицина қызметкерлері балаларға көрсетілетін көмекті жоғары білікті әрі тиімді болуы үшін бар күш-жігерін салады. «АЯЛА» қорының өкілдері сыйға тартқан шприц дозаторлары және нәрестелердің сары ауруын емдеуге арналған фототерапия аппараттары аса қажетті медициналық аппараттар болды.
Заманауи медициналық жабдықты сатып алуға ақшаны «Мамамия» және Ciao pizza мейрамханалар желісіне келушілер «АЯЛА» қоры орнатқан бокстарға жинады. Бес шприц дозаторын және екі фототерапия аппаратын сатып алу жобасының құны 4 750 000 теңгені құрады және дәрігерлер мен медбикелердің айтуынша, бұл – аудандық денсаулық сақтау ісіне маңызды көмек болды.