«АЯЛА» қоры Өтеген Батыр ауылында орналасқан Алматы өңірлік клиникалық балалар ауруханасының медицина қызметкерлеріне қажетті, ең бастысы уақтылы сыйлықты тарту етті. Қор президенті Айдан Сүлейменова бес шприц дозаторын өзі тапсырды. Заманауи жабдыққа арналған қаражат «Қағанат» танымал асханалар желісінде орнатылған бокстардың көмегімен жиналды. Асханаларға келушілер – студенттер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Олардың әрқайсысы шамалы үлесін қосты. Ал жиынтығында қор дозаторлар сатып алуға болатын сома жинақталды. Сатып алу құны – 3 миллион теңге.
Жабдықты тапсыру «АЯЛА» қорының «Өмір сыйлайық» атты жобасының шеңберінде орын алды. Бұл жоба 10 жыл бұрын басталып, Қазақстан ауруханаларының балалар жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге бағытталды. «АЯЛА» қорының Алматы өңірлік клиникалық балалар ауруханасына жабдықты бірінші рет тапсырып жатпағанын атап өткен жөн. Өткен жылы Samsung Electronics компаниясы мұнда балаларға арналған демалыс бөлмесін ресімдеуге және жабдықтауға көмектесті. Ал 2015 жылы АТФБанкпен және «Мамамия» мен Ciao pizza мейрамханалар желісімен бірге қор мекемеге екі жан сақтау үстелін және екі фототерапия аппаратын сыйға тартты.