Соңғы сегіз жыл ішінде Алматы мен астанадағы асхана желілеріне орнатылған арнайы «АЯЛА» қайырымдылық қорының бокстарында осындай сома жиналды. Бұл ақшаға Қазақстанның 10-нан астам қалаларындағы балалар ауруханалары, перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың жан сақтау бөлімшелерінде медициналық жабдықтар орнатылды.
Аталған мерзім ішінде шала туған балаларға арналған инкубаторлар, балалардың жан сақтау үстелдері, СИПАП-тар (CPAP) және өкпені жасанды желдендіру аппараттары сатып алынды.
«Медициналық жабдық орнатудың шығыны көп, бірақ тиімді. Ірі демеушілер мен жанашыр адамдардың арқасында біз көптеген балалардың өмірін сақтап қала аламыз. «Тыныс ал, балақай» және «Өмір сыйлайық» жобаларының шеңберінде Қазақстанның перинаталдық орталықтарын, перзентхалар мен ауруханалардағы балалардың жан сақтау бөлімшелерін өмірлік қажетті жабдықтармен жарақтандыра алдық. Қызылорда облысын сәби өлімі бойынша бірінші орыннан түсуіне қол жеткіздік, ал 2011 жылы Алматыдағы перинаталдық орталықтарда сәбилердің өміршеңдігі 5%-дан 24%-ға дейін ұлғайды. Мұндай нәтижелерге қол жеткізуіміз - қарапайым қазақстандықтар қолдауының арқасы», - дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының медициналық жобаларының басшысы Берік Даржанов.
34 271 878 теңге жинауымызға себепші болған бокстар «Қағанат» асханалар желісінде орнатылған. Ынтымақтастық 2010 жылы басталды. Компанияның бас директоры Шынар Бугимбаеваның айтуынша, сол жылы қор одан қаржылай көмек сұрап жүгінген.
«Мен біздің барлық асханаларымызға қаражат жинауға арналған бокстар қоюды ұсындым. Бұл идея қолдау тауып, оны іске асырдық. Мен көмек беру қажет деп санаймын және осындай үлкен және қоғамға қажетті, сәбилердің өмірін сақтап қалуды көздеген жобаны осы қадамнан бастадым. Қордың жұмысы туралы көп материал оқыдым, көмек пен қолдау алған адамдар тарапынан жақсы пікірлер естідім. Қателеспегенімді түсіндім. Қордың бокстары біздің асханаларымызда әлі де тұр. Қайырмалдық жасап, мұқтаж адамдарға көмек беріп жүретін біздің барлық қонақтарымызға үлкен алғыс білдіргім келеді», - дейді Шынар Бугимбаева.
Бүгінгі күні бокстар Алматы және Шынар қалаларындағы барлық асханада орнатылған. Жаңа асханалар ашылған жағдайда, ол жерде ақша жинауға арналған жәшіктер де пайда болады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/3082-news-rus#sigFreeId8e79a6a9e0