Шу қаласының ауруханасында нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған жаңа жабдық пайда болды. Мекемеге фототерапия шамы, нәрестелердің қарқынды терапиясы үшін ашық реанимация жүйесі және емделуші мониторы арнайы сатып алынды. Енді осы өңірдің сәбилері ауруханада қажет көмектің бәрін алатын болады.
Сондай-ақ біз ведомствоаралық психо-медицаналық-педагогикалық кеңес бөлмесін дамытушы ойыншық, тренажерлармен, атап айтқанда «Дельфа» логопедиялық тренажермен жете жарақтандырдық.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры қажетті 6,6 млн теңге соманы жинауға көмектескен демеушілерімізге алғыс білдіреді. Олар: мобильді операторлар, «Дорстройхолдинг» және «Құрылысинвестстрой» компаниялары, сондай-ақ «Мамммамия және чао пицца» мейрамханалар желісі және «Қағанат» асханалар желісі.