Бүгін қуанышты оқиға – Астана қаласының № 3 перинаталдық орталығына өмірлік қажетті жабдықты беру рәсімі өтті.
Балалар жан сақтау бөлімшесінде 2 фототерапия аппараты, сондай-ақ жылжымалы рентген аппараты пайда болды. Бұл жобаны іске асыруға қор 5 512 000 теңге жұмсады, оны қорға жеке тұлға берген болатын.
Фототерапия аппараты жаңа туған нәрестелердің сары ауруын дәрі-дәрмексіз тез емдеуге арналған. Перинаталдық орталықтарда бұл аппараттарға әр кезде нәрестелердің аналары ұзақ кезекке тұрады және бұл аппараттар іс жүзінде тәулік бойы жұмыс істейді
Жылжымалы рентген аппараты балалардың ауруларын анықтауға және уақтылы ем бастауға көмектеседі. Бұл ретте нәрестелерді мамандандырылған диагностикалық бөлімшеге тасымалдау қажеттілігі болмайды. Нәресте үшін медициналық мекеменің ұзын дәліздері бойынша тасымалдау – қызу бойынша стрестік жағдай, сондықтан жылжымалы рентген аппараты осы стресті болдырмаудың ыңғайлы құралы.
«Өмір сыйлайық» жобасы – бүкіл Қазақстан бойынша перинаталдық орталықтарда өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеген «Тыныс ал, балақай» жобасының қисынды жалғасы. Балалар жан сақтау бөлімшелеріне берілген заманауи жабдық салмағы аз айы-күні жетпей туған нәрестелердің тірі қалуын бірнеше есе арттыруға көмектесті. Біз тек перинаталдық орталықтарға ғана емес, сол сияқты перзентханалардың және балалар ауруханаларының балалар жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуді жалғастыруды шештік. «Өмір сыйлайық» жобасы бүкіл қазақстандықтардың қатысуын күтеді» - деді Жангелді Сәрсенов, «АЯЛА» қайырымдылық қорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президенті.
№ 3 перинаталдық орталықтың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина «АЯЛА» қорының «Өмір сыйлайық» жобасының жоғары тиімділігін атап өтті және кішкентай емделушілер мен олардың ата-анасының атынан Қазақстанның балалар денсаулық сақтау ісіне көп жылғы сіңірген еңбегі үшін қордың барлық қызметкерлеріне алғыс айтты.